Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов 1958 жылы 14 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. "Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Білімі:
- 1975-1979 жж. – РФ, Мәскеу қаржы институты;
- 1980-1981 жж. – ҚР, Алматы халық шаруашылығы институты;
- 1982-1986 жж. – ҚР, Алматы халық шаруашылығы институты, «Ақша айналымы мен несие» кафедрасының аспирантурасы;
- 1987 ж. – РФ, Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институты, Кәсіби біліктілікті арттыру факультеті.
Тәжірибесі:
- 1979-1980 жж. – КСРО Мемлекеттік банкінің Алматы облыстық конторасының экономисі;
- 1981-1987 жж. – КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық конторасының аға экономисі, Бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары;
- 1988-1988 жж. – КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкінің Қазақ республикалық конторасының Басқарма бастығы, Басқарма мүшесі;
- 1988-1991 жж. – «Центрбанк» Алматы орталық кооперативтік банкінің Басқарма Төрағасы;
- 1991-1997 жж. – «Центрбанк» Қазақ орталық акционерлік банкінің Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің Төрағасы;
- 1993-2004 жж. – «Қазақстан интернационалдық банкі» ЖАҚ-тың Қадағалау кеңесінің Төрағасы;
- 1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Атамекен» ҚӨТ Президенті, Басқарма Төрағасы;
- 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Бақылау комитетінің Төрағасы, ҚР банктері қауымдастығының Директорлар кеңесінің Төрағасы, «Банк ЦКБ-Мәскеу» ЖШҚ Президенті, Директорлар кеңесінің Төрағасы.