Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun анықтамасы: Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров

7kun анықтамасы: Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1991) саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша және осы университеттің аспирантурасын (1995) бітірген.

1995-2004 жылдары – Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімін меңгерушісі, директоры; Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы; ҚР Президентінің Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары; ҚР Президентінің Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы; ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

2006 жылдың ақпан айынан – ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2007 жылдан – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы. 2008 жылдан – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі. «Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; «Қазақпарат» ҰК» Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008); «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Похожие материалы