Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun анықтамасы: Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов

7kun анықтамасы: Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов

Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов - 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Геология-минералогия ғылымының докторы, профессор ҚазКСР ғылым академиясының академигі Шахмардан Есеновтың ұлы. Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтың күйеу баласы.

"Еуразиялық нарық институты" экономика және басқарма академиясын "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша бітірген. Лондонның бизнес және қаржы мектебінде (ІӘМ) МВА дәрежесін алған.

  • Қызмет жолын 2002 жылы «Golden Grain» агроөндіріс кешенінде жанар-жағармай материалдарын пайдалану және жабдықтау департаментінің менеджері болып бастады;
  • 2003-2007 жылдары «Сеймар» инвестициялық тобының жамуына жауап берді және «Альянс Банк» АҚ-ның директорлар кеңесінің құрамында болды;
  • 2007-2011 жылы — «Delta Bank» АҚ-ның директорлар кеңесін басқарды.
  • 2012 жылдың наурыз айында «СК Альянс Полис» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.  Ал сәуірде «Alliance сақтандыру компаниясы — Өмірді сақтандыру» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.
  • 2011 жылдан 2013 жылға дейін — "KNG Finance" ЖШС бас директоры. Ал 2013 жылдың сәуір айында KNG Finance итальяндық UniCredit Group компаниясынан қазақстандық "АТФБанк" банкін сатып алуға Ұлттық банктің келісімін алды. Сондай-ақ, Ғалымжан Есеновке "АТФБанк" АҚ ірі қатысушысы болуға рұқсат берілді;
  • 2013 жылдың 1 мамырынан бастап "АТФБанк" Директорлар кеңесінің төрағасы. Сондай-ақ, осы жылдың наурызында Shakhmardan YessenovFoundation ғылыми білім беру қорын (yessenovfoundation.org) құрды. Қордың мақсаты - ҚР интеллектуалды потенциалын дамыту.
  • 2014 жылдан бастап - YPO мүшесі, "Аналар үйі" қайырымдылық жобасының қатысушысы;
  • 2015 жылдың шілде айынан бері ҚР Шахмат Федерациясының Президенті.

Похожие материалы