Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun анықтамасы: Кеңес Рақышев

7kun анықтамасы: Кеңес Рақышев

Қазақстандық кәсіпкер, венчурлы инвестор, акционер және "Қазкоммерцбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, SAT & Company өндірісті холдингі директорлар кеңесінің төрағасы, NASDAQ биржасына шыққан, қазақстандық капиталы бар бірінші американдық Net Element компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, Ресейдегі ірі Fastlane Ventures венчурлы қорының директорлар кеңесінің мүшесі. Стартаптар мен роботтехникалық өндірістегі технологияларға мамандандырылған SingulariTeam жаһандық венчурлы қорының негізін қалаушылардың бірі. 718 000 000 долларлық дәулетімен "Қазақстанның 50 ірі кәсіпкері" рейтингінде 7-орынды иеленеді.

Отбасы: Кеңес Рақышев 1979 жылы 14 шілдеде танымал мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Рақышев Хамит Қошанұлының отбасында дүниеге келген. ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың қызы Әсел Тасмағамбетоваға үйленген.

Білімі: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, кейін Oxford Saïd Business School және London Business School бизнес мектептерін тәмамдаған, заң және экономика салалары бойынша білім алған. Кеңес Ракишев өз қызмет жолын 1998 жылы маман қызметінен бастаған, кейіннен Қазақстанның бірқатар компанияларында солардың ішінде банк саласындағы танымал компанияларда басшы болған.

Мансабы:

  • 1998-1999 ҚР ІІМ-нің ЖҚҚҚ-да кеңесші болды.
  • 2000 жылдан бастап "ҚазТрансГАЗ" ЖАҚ-да менеджер болды.
  • 2000-2002 жж - "Intergas Central Asia" АҚ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінде маркетинг бөлімінің басшысы.
  • 2002 жылдан бастап - "ҚазТрансГаз" ЖАО СЭК басқармасының басшысы
  • 2003 жылдан бастап - "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның экспорт бойынша директорының бірінші орынбасары
  • 2003-2004 жж - "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның вице-президенті
  • 2004-2005 жж - "Меркурий" ЖШС-ның бас директоры
  • 2005 жылдан бастап ҚР-ның Сауда-өндіріс палатасы одағының вице-президенті
  • 2006 жылдан бастап «Sat & Co» өндіріс холдингі директорлар кеңесінің төрағасы
  • 2012 жылдан бастап "Атамекен" одағы" бизнес-ассоциациясының президиум мүшесі
  • 2012 жылдан бастап ОҚО "Қазақстанның жас кәсіпкерлер ассоциациясының" президиумының төрағасы
  • 2013 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы "Жас Кеңес" жастар саясаты бойынша кеңестің мүшесі
  • 2013 жылдан бастап "БТА Банк" АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы
  • 2014 жылдан бастап "Қазақстан Инжиниринг" ҰК АҚ-ның тәуелсіз төрағасы
  • 2015 жылдан бастап "Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі
  • 2016 жылдан бастап "Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

Жетістіктері:

2012 жылы:

  • Forbes тізімінде "Қазақстанның 50 ықпалды кәсіпкері" тізімінде 12-орын
  • Vlast.kz  интернет-журналының нұсқасы бойынша "Жыл кәсіпкері" (2012 жыл, желтоқсан)

2013 жыл:

  • Forbes тізімінде "Қазақстанның 50 бай адамы" тізімінде 21-орын
  • "Қазақстанның 50 ықпалды кәсіпкері" тізімінде 17-орын

2014 жыл:

  • Vlast.kz интернет-журналының нұсқасы бойынша "100 ықпалды қазақстандық" тізімінде 23-орын

Шешенстан Республикасының ең жоғарғы марапаты Қадыров орденімен марапатталды.

2015 жыл:

  • 2015 жылдың 15 желтоқсанында "Құрмет" орденімен марапатталды
  • Vlast.kz интернет-журналының нұсқасы бойынша "Жыл кәсіпкері" (2015 жыл, желтоқсан)

Похожие материалы