Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun анықтамасы: Владислав Сединович Ли

7kun анықтамасы: Владислав Сединович Ли

Владислав Сединович Ли 1957 жылы 7 сәуірде Гурьев қаласында дүниеге келген. "Банк ЦентрКредит" АҚ басқарма төрағасы.

Білімі: 

  • 1982 ж. – Алматы халық шаруашылығы институтын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша тәмамдаған;
  • 2003-2005 жж. – Халықаралық бизнес академиясының HEC School of Management оқу орнымен бірлескен бағдарламасы, экономика магистрі;
  • 2005 ж. – "International Executive MBA" бағдарламасы бойынша Іскерлік әкімшілік ету магистрі дәрежесі берілген.

Тәжірибесі: 

  • 1982 жылғы тамыз – КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық конторасының Жоспарлау-экономика басқармасының аға экономисі;
  • 1986 жылғы қазан – КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық конторасының Жоспарлау-экономика басқармасының бас экономисі;
  • 1988 жылғы қаңтар – КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкінің Қазақ республикалық конторасының Мемлекеттік сауда-саттықты және жеңіл өнеркәсіпті қаржыландыруды және несиелеуді ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары;
  • 1988 жылғы қараша – КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкінің Қазақ республикалық конторасының Мемлекеттік сауданы және жеңіл өнеркәсіпті қаржыландыруды және несиелеуді ұйымдастыру басқармасының бастығы;
  • 1989 жылғы қыркүйек – «Центрбанк» Алматы орталық кооперативтік банкінің Төраға орынбасары – Басқарма мүшесі;
  • 1993 жылғы наурыз – «Центрбанк» Қазақ орталық акционерлік банкінің Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары;
  • 1995 жылғы тамыз – Қазақ акционерлік әлеуметтік дамуды несиелеу коммерциялық банкінің Басқарма Төрағасы;
  • 1997 жылғы тамыз – «Тұрғын үй құрылыс банкі» ЖАҚ-тың Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары;
  • 1998 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарма Төрағасы

Похожие материалы