Вячеслав Константинович Ким – 1969 жылы Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік университетін, Ресей-Қазақстан Гуманитарлық университетін бітірген. 2016 жылдың мамарында forbes жасаған Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері рейтингісінде 25 орында болды.
Мансабы:
2001 — 2005 жылдары "Планета электроники" электронды дүкендер желісінің негізін қалаушысы мен басшысы болды.
2002 жылы — «Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2003 — 2004 жылдары — Қазақстан техника мен тауарөндірушілер ассоциациясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы.
2004 — 2005 жылдары «Азия техникс групп» президенті.
2004 — 2006 жылдары — ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2005-2006 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ атқарушы директоры.
2006 жылы — акционер, «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Қоғамдық белсенділігі:
Республикалық физика-математика мектебінің қайырымдылық кеңесінің мүшесі.
2013 жылдың 11 қарашасынан - Қазақстан таэквондо федерациясының президенті.
2013 жылдан — "Ана үйі" қоғамдық қоры жанындағы қайырымдылық кеңесінің мүшесі.