Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun анықтамасы: Жақсыбек Дәурен

7kun анықтамасы: Жақсыбек Дәурен

Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы 1978 жылы 30 маусымда дүниеге келген. "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Білімі:

Жақсыбек Д.Ә. 2000 жылы «Бизнесті әкімшілендіру» бакалавр дәрежесімен «Халықаралық қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша American University, 2002 жылы «Кредиттік талдау» мамандығы бойынша New York University, «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік заң университетін тәмамдады.

Жұмыс тәжірибесі:

Дәурен Әділбекұлы еңбек жолын 2000 ж. RZB Finance LLC (Нью-Йорк, АҚШ) Жобалық қаржыландыру бөлімінің кредиттік офицері лауазымынан бастады, сонан соң 2003ж. Raiffeisen Zentralbank (RZB) AG (Вена, Австрия) Қаржы сауда бөлімінің менеджері болып қызмет атқарды. 2006 жылдан бастап 2015 жылға дейін «Цеснабанк» АҚ Басқарма Төрағасы, 2015 жылдан бастап «Цеснабанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы, «Цесна» корпорациясы» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы, «Цесна» қаржы холдингі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы, «Цесна Гарант» СҚ» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы, «Цесна Капитал» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі, Астана қ. Кәсіпкерлер палатасының Аймақтық кеңесінің төрағасы болып табылады.

Жеке марапаттары: • «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 2011 • «Ernst & Young» компаниясының «2012 жыл кәсіпкері» конкурсында «Қарқынды дамыған бизнес» номинациясы бойынша жеңімпазы, 2012 • «Теңгеге 20 жыл» медалі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 2013 • Экономиканы дамытуға қосқан үлесі және үлгілі қызметі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды, 2013

Похожие материалы