Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun анықтамасы: Жұмағұлов Айбатыр

7kun анықтамасы: Жұмағұлов Айбатыр

Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма Төрағасы.

Білімі: 1997 жылы «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, ал 1999 жылы экономика магистрі дәрежесінің тағайындалуымен Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірді.

Мансабы:

Банктік саладағы еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаментінің бас сарапшысы қызметінен бастаған.

Кейінгі жылдары «Банк Центр Кредит» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры және «BCC-Invest» АҚ («Банк Центр Кредит» ААҚ Еншілес инвестициялық бөлімшесі) Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді, онда банктің қорларын және капиталын басқаруға, қазынашылық блогына және саудалық операцияларға жетекшілік етті.

Кейіннен, банктік және инвестициялық салалардағы жұмыстардан басқа, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Базалық салалар департаментінің директоры лауазымында еңбек етті, сондай-ақ «Baur Kazakhstan» компаниялар тобында Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Банк Басқармасының Төрағасы болып тағайындалғанға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директорының лауазымында қызмет етті.

Жұмағұлов А.Н. «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесін басқарады және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Ипотекалық кредиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңестерінің құрамына кіреді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Банк қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, Банк Басқармасының отырыстарын өткізеді, Банктің Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, халықаралық және басқа ұйымдарда Банктің өкілі болады, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасқа жалпы басшылық жасайды.

Похожие материалы