Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun.kz анықтамасы: Ербол Азанбек

7kun.kz анықтамасы: Ербол Азанбек

Азанбек Ербол Шарубекұлы – PR маманы, журналист.

2006 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетін қоғаммен байланыс (PR) мамандағы бойынша бітірген.

2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің магистратурасын тәмамдады.

2017 ж.- Нархоз университетінің Экономика және менеджмент факультетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

2008-2011 ж.ж. «Қазақпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі Алматыдағы тілшілер қосынында  аға тілші.

2011-2013 ж.ж. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы  АҚ интернет жобалар редакциясында тілші, бас редактор.

2014-2015 ж.ж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқытушы, аға оқытушы.

2013 ж. бері  «Kaspi Bank» АҚ баспасөз хатшысы болып жұмыс істейді.

2015 ж. бастап «Qazaq media group» ЖШС (7kun.kz ақпарат агенттігі, Іскерлік журналистика мектебі, PR агенттігі) құрылтайшысы.

Похожие материалы