Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағандыда сөйлейтін бағдаршам орнатылды

Қарағандыда сөйлейтін бағдаршам орнатылды

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — Қарағандының орталық көшесі Бұқар жырау даңғылының бойында сөйлейтін бағдаршам орнатылған. Жолдың адам көп өтетін бөлігіне орнатылған бағдаршамның пайдасы көп.

Сөйлейтін бағдаршам жаяу жүргіншілерге жасыл түсті сигналдың жанғанын айтып, xабар береді. Бұл жаңашылдық көзі нашар көретін немесе тіпті көрмейтін адамдарға арналған.

«Арнайы бағдаршам сатып алудың қажеті жоқ. Олар сөйлеуі үшін жұмыс істеп тұрған бағдаршамдарға сөйлеуші-ақпаратшы орнатылады», – дейді коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ескендір Қабидолла.

Қарағандылықтар болса жаңашылдыққа дән риза.

«Біз сияқты мүгедектерге жағдай жасалып жатқанда әрине қуанамыз. Өзім осы 45 орамда тұрамын. Көзім көрмейді. Жолды кесіп өтерде тұрғындардан көмек сұрайтын едім. Енді сөйлейтін бағдаршамның арқасында өзім өтетін болдым», – дейді қала тұрғыны Ибрагим Асылов.

Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ескендір Қабидолланың айтуынша, сөйлейтін бағдаршам қаланың әзірге бір жерінде жұмыс істеп тұр. Бағдаршам жұмысы тиімділігін көрсетсе басқа да жерлерге орнатылатын болады.

«Сөйлеуші-ақпаратшы бағдаршам өзін жақсы жағынан көрсетсе қаланың адамдар көп жүретін жерлеріне орнататын боламыз. Мұндай бір бағдаршамның құны 240 мың 176 теңгені құрайды», – дейді Е. Қабидолла.

Похожие материалы