Экономика
Авто
Жаңа Hyundai Accent пен Hyundai Creta-ны 4 пайыздық жеңілдікпен кредитке рәсімдеуге бола ма?
Сұрақ: Жаңа Hyundai Accent пен Hyundai Creta-ны 4 пайыздық жеңілдікпен кредитке рәсімдеуге болады деген жарнаманы оқыдым. Төлемі айына 50 мың теңге екен. Бұл қаншалықты рас?
Жауап:
Айбек, сіздің сауалыңыздан кейін біз Алматыдағы Hyundai салондарының біріне барып ақпараттың мән-жайын анықтадық. Жеңілдікпен берілетін кредит бағдарламасы бар. Бұл үшін автосалонға барып көлікті таңдайсыз, сол жердегі 3 банктің біріне өтініш бересіз. Банктерге төлем қабілетіңізді дәлелдеу керек. Яғни соңғы 6 айда жалақы алуыңыз, зейнетақы қорына жарна түсіп тұруы керек. Бұған 1,2 күн керек. Банк мақұлдаған соң, өтінішіңізді Қазақстанның Даму банкіне жібереді. Ол жақтағы мақұлдауы керек. Оған шамамен 1-1,5 ай кетеді. Бұдан кейін автосалонда сіз таңдаған көлік болса келіп алып кете аласыз, болмаса жаңа көліктер келгенше күтуге тура келеді. Автосалон қызметкерінің айтуынша ең сәтті жағдайда 1,5 айда, екі банк мақұлдаған жағдайда ең ұзақ күтуге тура келсе 3 айда көлік қолыңызға тиеді.
Автосалон таңдап кеткен көлікті сіз келеді деп күтіп отырмайтыны белгілі, қолма-қол немесе жеңілдіксіз кредитке рәсімдегендерге бірінші кезекте береді. Жеңілдікпен айына 50 мың теңге төлеуге келсек, егер көлік үшін алғашқы жарна 50 пайыз болса онда айлық төлем көлемі осынша болады.