Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕBay PayPal-дан бас тартады

ЕBay PayPal-дан бас тартады

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz - Әлемдегі ірі интернет-аукциондардың бірі еBay Inc. әріптесі PayPal Holdings Inc. компаниясымен жасасқан серіктестігінен бас тартатын ойы бар. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта нидерландық Adyen NV сервисінің платформасына көшеді, деп хабарлайды Интерфакс.

PayPal eBay-ге 15 жыл бойы қызмет көрсетіп келді. Сонымен бірге, ол төлем жүйесінің ең негізгі қызмет көрсету орталығы болды. Екі компания арасы 2015 жылы үзілсе де, келісімшарт бойынша 2020 жылға дейін бірге қызмет атқаруы тиіс.

ЕBay-дің мәлімдеуіне сәйкес, аукцион тұтынушылар PayPal-мен ары кеткенде 2023 жылдың шілде айына дейін ғана төлем жасай алады. Adyen платформасына ол асықпай, баяу түрде көшеді. 2018 жылы ол Солтүстік Америкадан бастау алады. Осылайша, eBay-дің транзакцияларының көп бөлігі Adyen-ге 2021 жылы ауысатыны сөзсіз.

Төлемдердің қайта жөнделуі сатушылардың шығынын азайтып, сатып алушылардың мүмкіндігін кеңейтеді. Adyen, өз кезегінде, 150 валюта түрін қабылдайды. Оның қызметін көптеген ірі технологиялық компаниялар тұтынады. Оның ішінде, Uber де бар.

2018 жылы eBay өсімін 7-9 пайызға арттыруды көздеп отыр. Яғни, нақтырақ айтар болсақ, 10,9-11,1 млрд долларға ұлғайтпақшы.

ЕBay акциялары 8,4 пайызға арзандаған әсерінен, PayPal 11,1 пайызынан айырылды. Соңғы 12 ай ішінде eBay-дің капиталдандырылуы 27 пайызға өсіп, 42,4 млрд долларға жетті. Ал, PayPal болса, 115,6 пайызға артып, 102, млрд долларды құрады.

Похожие материалы