Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ForteBank Қазақстандағы ең үздік банк атанды

ForteBank Қазақстандағы ең үздік банк атанды

Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - 2018 жылы 19 наурызда Нью-Йоркте Global Finance журналы әлемдегі ең үздік банктерді марапаттау бойынша кезекті 25-рәсімін өткізді.

Жыл сайын Global Finance зерттеу жүргізіп, динамикалық өсу өлшемдері, инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, стратегиялық жобаларды жүзеге асыру негізінде 150-ден астам елдерде үздік қаржы институттарын таңдайды.

Global Finance сарапшыларының пікірінше, ForteBank-тың жеңісін айқындайтын негізгі факторлар нарықтағы позициялардың күшеюі, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуі, жаңа бизнес желілер мен IT-технологияларды дамыту болды.

«2018 жылы лауреаттар қатарына күшті қызметтермен және тамаша бизнес нәтижелерімен ерекшеленген банктер енді. Global Finance журналының марапатын алу біз үшін үлкен құрмет. Бұл ForteBank-ты елдегі үздік банк деп танитын екінші марапат. 2017 жылдың желтоқсан айында The Banker журналы ForteBank-ты Қазақстанның ең үздік банкі деп атап өткен. Бұл банк ұжымының бірнеше жыл бойы атқарған жұмысының нәтижесі. Бөлшек бизнестегі, ШОБ және бірлескен бизнестегі ұстанымдарды үнемі жақсартып, клиенттеріміз үшін озық технологиялар енгіземіз», - деп атап өтті ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

ForteBank активтердің көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі бес банктің бірі болып саналады. Сондай-ақ, капиталдандыру және өтімділік тұрғысынан 10 үздік ЕДБ арасында жетекші орынға ие.

2017 жылдың соңында ForteBank негізгі қаржылық көрсеткіштердің сапалы өсуін көрсетті:

+ Жыл басынан бері активтердің 23,5 пайызға өсуі;

+ Банктің несие портфеліндегі өсім 13,2 пайыз;

+ Банктің депозиттік портфелінің 19,2 пайызға өсуі;

+ 2017 жылы 2016 жылға қарағанда комиссиялық табыстың 47,9 пайызға өсуі;

+ Жыл басынан бері POS-терминалдардың саны 59,7 пайызға өсті;

+ Жыл басынан бері белсенді карточкалар саны 31,7 пайызға өсті;

Жыл басынан бері ұялы және интернет-банкинг пайдаланушыларының саны 3 еседен астамға өсті; Moody's агенттігі ForteBank рейтингтерін «тұрақтыдан» «оңға» дейін жақсартты.

Похожие материалы