Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 0,3 пайызға артты

Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 0,3 пайызға артты

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылғы наурызда Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 0,3%-ға немесе 86,7 млн долларға өсіп, 31,1 млрд долларды құрады (жыл басынан бері 1,1%-ға немесе 335,3 млн долларға өсті).

Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерді (59,3 млрд доллар) қоса алғанда, 2018 жылғы наурыздың соңында 90,4 млрд доллар болды.

Үкіметтің және басқа ұйымдардың Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі Ұлттық қордың активтерін толықтыру, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар жүргізумен бейтараптандырылды. Оның үстіне, банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар азайды.

Ақша базасы наурызда 6,7%-ға тарылды және 4 565,7 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 4 239,2 млрд теңгеге дейін 7,5%-ға тарылды.

Наурыздағы ақша массасы 0,3%-ға төмендеді және 18 631,0 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 1 810,2 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді.

Похожие материалы