Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктегі банктік депозиттер 296,7 млрд теңге болды

Ұлттық банктегі банктік депозиттер 296,7 млрд теңге болды

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылғы наурыздың соңында Ұлттық банктің ашық позициясының көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 244,9 млрд теңге, кері РЕПО операциялары бойынша – 182,8 млрд теңге, Ұлттық банктегі банктік депозиттері – 296,7 млрд теңге болды.

Ұлттық банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық банктің ашық позициясы) ашық нарықтағы операциялар бойынша және тұрақты қолжетімді құралдар бойынша бір айда 297,6 млрд теңгеге ұлғайды және наурыздың соңындағы жағдай бойынша 3,4 трлн теңге болды.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы 2018 жылғы наурызда Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің пайыздық дәлізінің төменгі шегіндегі деңгейде қалыптасты. Орташа алынған мәні жылдық 8,56% (2018 жылғы наурызда – 8,76%) болды.

Похожие материалы