Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Болашақта Қазақстан жүк тасымалының өзінен 5 млрд доллар табыс табады - Назарбаев

Болашақта Қазақстан жүк тасымалының өзінен 5 млрд доллар табыс табады - Назарбаев

Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz - Болашақта Қазақстан жүк тасымалының өзінен ғана жылына 5 млрд доллар табыс алатын болады.  Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ  сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей біздің тарихи  көршіміз, Құдай қосқан көршіміз. Бізге дейін өмір сүрді, біз де өмір сүріп жатырмыз, біздің балаларымыз да  тату көрші, достық және бір-бірімен түсіністікте өмір сүретін болады. Қазақстан мен Ресей арасында мемлекетаралық қатынастың  үлгісі ретінде өте жақын қарым-қатынас орнаттық. Біз бұл ұстанымға адалмыз және оны сақтауымыз қажет. Өйткені бұл Қазақстанның түбегейлі ұстанымдарына жауап береді. Ресей үшін де дәл солай екеніне сенімдімін», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы байланыстардың да қарқынды дамып келе жатқанын баса айтты.

«Біз құрлықтың дәл ортасында орналасқан мемлекетпіз. Арзан көлік артериясы саналатын теңізге шығар жолымыз жоқ. Сондықтан Қытаймен байланыстарымызды қарқынды дамытып жатырмыз. Қазіргі уақытта Тынық мұхитынан жүктер Қазақстан арқылы Еуропаға шығарылып жатыр. Темір жол, автомобиль жолдарын салдық.  Бүкіл Қытайдан Қазақстан арқылы Ресейге, Еуропаға шығады.  Біз болашақта жүк тасымалынан ғана жылына  5 млрд  доллар табыс табатын боламыз және тауарларымыз да бұл нарыққа шығып отыр», - деді ҚР Президенті.

Похожие материалы