Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz - Әлемдік жетекші ет өндіруші Tyson Foods компаниясы табиғи апаттардан зардап шекті, деп хабарлайды LS.
Бұл оқиға 10 наурызда АҚШ Арканзас штатында болды. Сақтандырушылар зардап шеккен компанияға шамамен 10 млн доллар төлеуге мәжбүр болады.
Жауынның нәтижесінде зауыттың төбесіне су толығымен еніп, оған орналастырылған барлық техникалық жабдықтар (жабыну, кондиционер, желдету жүйесі, жалғастырғыш құбырлар, тазалау жүйелері және тағы басқалар) істен шықты.
Тәуекелдердің үлесіне жауапты «Евразия» қазақстандық сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлама алды және залалдың соңғы сомасын есептеуден кейін өз тарапынан қысқа мерзімде төлем жасауға дайын екендігін айтты.