Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 30,6 млрд долларды құрады

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 30,6 млрд долларды құрады

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылғы 4 айда валюта нарығындағы ахуал жалпы алғанда тұрақты болды. Ұлттық валютаның бағамын айқындайтын іргелі факторлар оңтайлы қалыптасты. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтты.

Ол қаңтар-сәуірде теңге жылдың басынан бері сәуірдің соңында бір АҚШ доллары үшін 327,25 теңгеге дейін 1,5%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 318,3-333,3 теңге аралығында өзгергенін атап өтті.

«Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері алдын ала деректер бойынша наурыздың соңында 30,6 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бері 0,3%-ға төмендеді. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері наурыздың соңында 59,3 млрд АҚШ доллары болып бағаланды. Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бастап 1%-ға немесе 0,8 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 89,9 млрд АҚШ долларын құрады», - деді О. Смоляков.

Похожие материалы