Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 1,4 пайызға өсті

Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 1,4 пайызға өсті

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz - Ішкі қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал 2018 жылғы 5 айда, алдын-ала деректер бойынша, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 1,4%-ға өсті. Елдің халықаралық резервтерінің жиынтығы 90,4 млрд долларға жетті, деп түсіндірді Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев.

Ол ақша нарығында артық өтімділік сақталуда, ол проинфляциялық қысымды шектеу мақсатында басым түрде ноттарды шығару арқылы алынады деп толықтырды.

«1 маусымдағы жағдай бойынша Ұлттық банктің өтімділікті таза алуы 3,3 трлн теңгені құрады. Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі жыл басынан бері 26,3%-ға ұлғайып, 4,0 трлн теңге болды. Ноттар бойынша кірістілік мамырда мерзімділігіне қарай 8,26-8,44% аралығында қалыптасты», - деп түйіндеді Д. Ақышев.

Сөзін қорытындылай келе, Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы тікелей РЕПО операциялары бойынша Ұлттық банктің ашық позицияларының көлемі 253 млрд теңге, кері РЕПО операциялары бойынша 186 млрд теңге, Ұлттық банктегі банктік депозиттер көлемі 301 млрд теңге болғанын айтты. TONIA мөлшерлемесі базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің төменгі шегіне жақын қалыптасуда. Ол 2018 жылғы 1 маусымның қорытындысы бойынша 8,25% болды.

Похожие материалы