Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Данияр Ақышев ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың негізгі бағыттары туралы айтты

Данияр Ақышев ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың негізгі бағыттары туралы айтты

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz - ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың бірқатар негізгі бағыттары туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Санкт-Петербургте өткен XXVII Халықаралық қаржы конгресінің «ЕАЭО бірыңғай қаржы нарығы: даму өлшемдері» атты дөңгелек үстел отырысында сөйлеген сөзінде айтып берді.

Ол ортақ қаржы нарығының өздігінен бөлек және статикалық күйде жұмыс істей алмайтындығын түсінудің қажеттігін атап өтті.

«Біріншіден, ол экономикалық базиске, біздің жағдайымызда, тауар нарықтары мен технологиялардың белсенді сыртқы экономикалық ықпалдасуына негізделеді. Екіншіден, делдалдық функцияны орындайды және сол себепті халық пен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру тиімділігі, қаржылық тұрақтылық және бәсекелестік, қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау қағидатына жауап беруге тиіс», - деді Д. Ақышев.

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы бүгінде ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын сипаттайтын біртекті және қарапайым өлшемшарттар жиынтығының жоқ екендігін, алайда оны қалыптастырудың бірқатар негізгі бағыттарының бар екендігін атап өтті.

«Мәселен, біздің пікіріміз бойынша, рәсімдерді барынша жеңілдету жолдары және қаржы нарықтарына өзара кіру талаптары бойынша қозғалу керек. Бұл өзара қатысуға сандық және сапалық шектеулердің күшін жоюды көздейді. Бұл нәтижесінде ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығындағы тең бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз етеді», - деп түсініктеме берді Д. Ақышев.

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы жергілікті нарықтарға кіру мәселелеріндегі қаржылық еркіндік қаржы жүйесінің осалдық факторын сипаттауға тиіс емес деп қосты.

«Бұл түпмәтінде ортақ қаржы нарығы тиімділігінің маңызды талабы қаржы тұрақтылығын қолдау болып табылады, яғни қаржылық қызметтердің трансшекаралық ұсынысын қаржылық қызметтердің барлық саласын көрсетуге және бұл ретте өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру үшін капиталдың, резервтер мен өтімділіктің жеткілікті мөлшеріне ие болуға қабілетті, сенімді және орнықты қаржы институттары жүзеге асыруға тиіс», - деп түйіндеді Д. Ақышев.

Похожие материалы