Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - Сәуірдің соңында банктердегі депозиттер 17,1 трлн теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютамен депозиттер қаңтар-сәуірде 2,4%-ға 6 9,4 трлн теңгеге дейін өсті, шетел валютасымен - 8%-ға 7,7 трлн теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі сәуірде 45%-ға жетті.
Ол банктердің кредиттері сәуірдің соңында 12,7 трлн теңге болғанын атап өтті. Олардың құрылымында ұлттық валютамен кредиттер қаңтар-сәуірде 1,3%-ға6 9,5 трлн теңгеге дейін өсті, шетел валютасымен кредиттер 3,7%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін төмендеді.
«2018 жылғы төрт айда жаңа кредиттерді беру 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 27,7%-ға немесе 814,3 млрд теңгеге ұлғайды. Кәсіпорындардың теңгедегі кредиттері бойынша орташа ставка 2017 жылғы желтоқсандағы 13,2%-дан 2018 жылғы сәуірде 12,2%-ға дейін төмендеді. Бұл 2014 жылдың соңынан бері мөлшерлеменің ең төмен мәні»,- деді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы.
Сондай-ақ, Ұлттық банк экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеуді қамтамасыз ету бойынша және ипотекалық кредиттеуді дамыту арқылы тұрғын үйді қолжетімді ету бойынша жұмыс істеуде.
«Банктердегі қор мерзімін ұзартатын құралдарды заңнамалық деңгейде енгізу жоспарлануда. Мысалы, жинақ депозиттерін енгізу банктерге барынша ұзақ және болжамды қорландыру береді», - деп атап өтті Ақышев.
Д. Ақышев ұзақ мерзімді кредиттеуді дамыту мақсатында банктер 200 млрд теңгені 7-20-25 бағдарламасының шеңберінде таяу жылы алатынын, оны ипотекалық кредиттеуге жұмсайтынын айтып берді. Болашақта сома 1 трлн теңгеге жетеді. Бұл банктердің ипотекалық портфелінің ағымдағы көлемін 2 трлн теңгеге дейін екі есе көбейтуге мүмкіндік береді.
«Банктер 200 млрд теңгені 5 жылға БЖЗҚ қаражатын банктердің облигацияларына инвестициялау бағдарламасы шеңберінде алады. Облигацияларды орналастыру нарық ойыншыларының міндетті тепе-тең қатысуын болжайтындықтан, банктер тарту сомасын екі есе көбейтеді. 1,2 трлн теңге - қалыпқа келтіру бағдарламасына қатысушы банктер беретін кредиттер сомасы. Бүгінгі күні 865 млрд теңге қайта қаржыландырылды, оның ішінде 170 млрд теңге сомаға жаңа кредиттер берілді. Қалыпқа келтіру бағдарламасының шеңберінде банктер 654 млрд теңге мөлшерінде 15 жылға реттелген қарыз алды. Ол таяу уақытта кредиттеуге жіберілуі мүмкін. Казкоммерцбанк Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын 1 трлн теңгеге сатып алды. Бұл қаражатты банк кредиттеу үшін босатады», - деп түсініктеме берді Д. Ақышев.
Оның айтуынша, тұтастай алғанда, банк секторының тұрақтылығын арттыру бағдарламасы, 7-20-25 бағдарламасы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі жаңа қарыздарды қосқанда, банктердегі ұзақ қордың жалпы сомасы алдағы бір жарым-екі жылда 3,5 трлн теңгеге ұлғаяды. Бұл көрсеткіштер бір жағынан, ұзақ кредиттік ресурстарды жеткілікті ұсынуды қамтамасыз етеді. Екінші жағынан – экономикадағы инфляциялық қысымның күшеюіне әкелмейді.