Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге шетел валютасына деген сұраныстың артуы салдарынан төмендеді -Ақышев

Теңге шетел валютасына деген сұраныстың артуы салдарынан төмендеді -Ақышев

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - Соңғы аптада теңгенің АҚШ долларына бағамы шетел валютасына деген сұраныстың жоғары болуы салдарынан әлсіреуін көрсетті.  Сұраныстың артуы халықтың шет елге жиі шығуына байланысты. Соның салдарынан қолма-қол ақшаны теңгеден АҚШ долларына айырбастау байқалды.

АҚШ-тың Қазақстанның негізгі сауда әріптесі – Ресейге қатысты салған санкциялары капиталдың Ресейден әкетілуін күшейтті. Бұл рубль бағамының әлсіреуіне әкелді, ол теңге бағамын қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.

«Ұлттық банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануды жалғастыруда. Валюта нарығына қатысушылар теңгенің бағамын түбегейлі факторлардың ықпал етуімен шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптастырды», - деді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы.

Д. Ақышев соңғы уақытта сыртқы монетарлық талаптардың қатаңдатылуы, геосаяси тәуекелдердің күшеюі және дамыған нарықтардан капиталдың әкетілуі жағдайында теңге бағамы құбылмалылықты көрсетті деп атап өтті. Бұл ретте Ұлттық банктің қалыптасып отырған ахуалға деген реакциясы бейтарап болды.

«Қазақстан Ұлттық банкінің өктемдігі барынша аз болды. Біздің валюта нарығына қатысуымыз, мысалы алыпсатарлық операциялар және т.б. сияқты іргелі емес факторлардың ықпалына байланысты валюта бағамын күрт тұрақсыздандыратын өзгерістерді болдырмауға бағытталған», - деді Д.Ақышев.

Ол Қазақстан Ұлттық банкінің валюта нарығына нетто қатысуы соңғы 7 ай ішінде 0-ге тең болды деп қосты.

«Біз сыртқы нарықтардағы ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырамыз және дағдарыстық құбылыстар орын алған жағдайда, оның салдарларын азайту үшін ақша-кредит саясатының тиісті шараларын қабылдауға дайынбыз», - деп қорытындылады Д.Ақышев.

Похожие материалы