Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы шетелден ақша аударым жүйелері арқылы 80 млрд теңге алынды

2018 жылы шетелден ақша аударым жүйелері арқылы 80 млрд теңге алынды

Алматы. 15 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында қазақстандықтар шетелден ақша аударым жүйелері арқылы 82,6 млрд теңге алды.

Дегенмен, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% артық. Салыстыру үшін, бір жыл бұрын өсу 22,5% құрады.

Аударымдардың көбісі Ресейден түсті (36,7 млрд теңге). Алайда, бұл 2017 жылғыдан 13,4%-ға аз. Алынған ақшаның жалпы көлемінен елдің үлесі 53,9%-дан 44,4%-ға дейін төмендеді. Алайда бұл Ресейге жетекші елдердің арасында озық болуына еш кедергі келтірмейді.

Одан кейін Оңтүстік Корея жүреді. Бұл елден 12,6 млрд теңге аударылды. Бір жыл ішінде өсім 2,3 есе болды. Алынған ақшаның үлесі 6,9%-дан 15,3%-ға дейін өсті.

Қырғызстан 10%-дық үлесімен үштікке енді (бір жыл бұрын - 6,1%). Қырғызстандық аударым  8,3 млрд теңгені құрап, 73,9% өсімді көрсетті.

Сонымен бірге, аударымдардың басым бөлігі «Золотая Корона» жүйесі арқылы жүргізілді. Барлығы 38,2 млрд теңге, өсім 9,4%. Сондай-ақ, аударымдар саны 165,4 мың транзакцияға жетті (+ 19,1%).

Одан кейін Western Union - 22 млрд теңге, өсім 27,8%. Аударымдар саны 6,9 пайызға артып, 116,4 мыңға жетті.

Алғашқы үштікті MoneyGram аяқтайды. Аударым көлемі 6,8 млрд теңгені құрады. Бір жыл ішінде 75,9%-ға өсті. Аударымдар саны 38,6%-ға, 30,9 мыңға дейін артты.

Похожие материалы