2015 жылы қазақстандық аграрилер ерікті түрде 2,5 млн гектар жерді қайтарды. Бұл туралы деді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – заңнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру» тақырыбындағы парламент жиналысында мәлімдеді.
Оның сөзінше, арнайы салық режиміндегі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салық салудың жетілдірілмеуі мәселесін шешу мақсатында жер салығынан 70%-дық жеңілдік алып тасталып, ол бойынша мөлшерлеме 5 есеге ұлғайды.
"Бірыңғай жер салығы бойынша мөлшерлеме 1,5 есеге ұлғайтылып, өңірлерге оны қолданылмайтын жерлер бойынша 10 есеге дейін арттыру құқығы берілді. Нәтижесінде, 2015 жылы 2,5 млн гектар жер, оның ішінде 400 мың гектар егістік және 1,8 млн. гектар жайылымдық жерлер ерікті түрде қайтарылды», - деді А.Мамытбеков.
Сондай-ақ, жалпыға ортақ салық салу режимі қолданылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар мен шаруа (фермер) қожалықтарына өсіп кеткен салықтық жүктемені нивелирлеу үшін еңбекақы қоры бойынша қосарланған шегерім жүргізу, әлеуметтік салық мөлшерлемесін 6,5%-ға дейін төмендету, қосымша құн салығын төлеу кезінде 70%-дық жеңілдік алу және мүлік, көлік салығын төлеуден босатылу құқығы берілген.





