Экономика
IT, Технология
АҚШ Конгрессі Иранмен келісім-шартқа кедергі жасамақ
АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасындағы республикандықтар Иранмен келісім-шартқа кедергі келтірмек. Бұл туралы vestifinance.ru жазады.
"Таяу Шығыста ядролық қаруды таратуды тоқтатудың орнына бұл келісім әлем бойынша ядролық қарулану бәсекесін арттыра түседі", - деп мәлімдеді өкілдер палатасының спикері Джон Бейнер.
Алдағы 5 күн ішінде Ақ үй құжаттың мәтінін сенат пен өкілдер палатасының профилді комитетіне жіберуі қажет. Республикандықтар толығымен қарсы дауыс беретіндіктерін мәлімдеді. Бірақ олардың дауыстары АҚШ президенті Барак Обаманың ветосынан асуға жеткілікті емес. Осыған дейін Ақ үй басшысы егер Конгресс "халықаралық қарым-қатынастағы жетістігін" кері шегеріп, келісімге кедергі келтірсе, вето құқығын пайдалануға уәде берген еді.
Баспасөз мәслихаты кезінде Джон Бейнер тек 34 дауыс жетпей тұрғанына қарамастан Обамаға кедергі келтіруге мүмкіндіктері бар екендігін мәлімдеді. Конгрессте үштен екі дауысқа ие болу үшін осынша көрсеткіш қажет.
Еске салайық, "алтылық" елдері мен Иран ядролық бағдарлама бойынша
келісімге келді. Нәтижесінде Тегеранға қатысты санкциялар жұмсартылатын болады.