АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОРЫ ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЗАТТЫҚ КӨРІНІСІ (курстық жұмыс)
Қаржының (ақша) экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда болады. Осы жинақталған ақша қоралы қаржы қатынастарын іске асырудың негізі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «Тауар-ақша қатынастары және қаржы» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы тауар-ақша қатынастарының объективтік сипаты бола отыра, мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруы мен қаржы қатынастарын, қаржы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттары мен тауар-ақша қатынастарының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын, еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар мен ақша қаражаттарының қорлары негізінде жұмылдырылатын қаржы қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым: тауар-ақша қатынастарының қаржынының қоғамдық дамуда қажеттілігі мен экономика дамуының үздіксіз қызметін қалыптастырудағы орнын анықтау және еліміздің ұлттық қорының құрылу барысы мен экономикадағы қызметтеріне тоқталу болып табылады.
1 ТАУАР-АҚША ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ
- Ақша және қаржы қатынастары
Ақша – қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi өтiмдiлiк болып табылады.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып келеді. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Алайда кез-келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі құндық экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, несиенің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жаслатын есеп айырысулары, негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу және қайта бөлу, қаржы қорларын қалыптастыру, мемлекеттік бюджеттің кірісіне салық төлемдерін аудары; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және т.б. /4, 18 б/
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпықоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Қаржы өндірістік қатынастардың белгілі бір сферасын білдіреді және базистік категорияға жатады.
Өз кезегінде “қаржы” (қолма-қол ақша, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң financia сөзiнген пайда болған француздың қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтiк сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешелiк ролiмен айшықталады. /3, 6 б/
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана бiлдiредi.
Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi. Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржының басты белгілерінің бірі – оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтимайды. Ол ақша қатынастары ішінен мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кен мағынада болады. Қаржы тек ақша қорлары мен ресурстарының қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. /3,9 б/
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешілі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысанында болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оның жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндылық экономикалық категорияларға тиістілігін көрсетеді.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының қызметін орындай отырып, капитал, яғни үдемелі құн немесе табыс әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде қаржының пайда болуына жағдай жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып саналады. Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, яғни қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуінің оның маңызды белгісі екендігі көрініп тұр. Ақша қорлары істің шын мәнісінде қаржы қатынастарының объектілері болып табылады. /3, 15 б/
Қаржы қатынастары бұл:
- Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасында;
- Физикалық және заңды тұлғалардың арасында;
- Заңды тұлғалар арасындағы;
- Жеке мемлекеттер аарсындағы қатынастар.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып табылады.
Осы қатынастар жүйесi қаржы жүйесi деп аталады. Қаржы жүйесiнiң буындары: әр дережедегi бюджеттерден, әлеуметттiк, мүлiктiк және жеке адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттiң валюта резервтерi, кәсiпорындардың фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша қорлары.
«Жүйе» термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерийлері бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс-қимылын білдіреді. Осыған байланысты қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
- Қаржы қатынастырының жиынтығы;
- Ақша қорларының жиынтығы;
- Басқарудың қаржы аппараты. /6, 29 б/
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны қамтиды:
- мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
- кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде, қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында, өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
1.2 Тауар-ақша қатынастары қаржы қажеттігінің объективтілік сипаты ретінде
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды.
Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. /3, 17 б/
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде «қоғамдық немесе әлеуметтік тауарлар» деп аталанылатындарды – мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынатын материалдық және сол сияқты материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржының экономикалық мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың, соның ішінде құн заңының іс-әрекеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Тауар өндірісінің негізінде тауар өндірушілердің экономикалық алдын-ала келісіп алушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі қойылған. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттық факторларының саралануы олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақты және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан қажырлы еңбек пен жұмсалынған күш-жігерге баламалы болып келетін тұтынудың өлшемін объективті түрде ескере алатын шығындар мен еңбек нәтижелері өлшемінің айрықша механизмінің объективті қажеттігі туындайды. Бұған ақша және оның туындауы экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының да көмегімен қол жеткізіледі. Яғни, бір сөзбен айтқанда қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды. Тек өндірілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, адам еңбегінің өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламалармен өткізгенде өндірушілердің ақшалай немесе қаржылық түсімдері жасалынады.
Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.
Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады. Кез келген қаржы операциясы баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақша қаражаттарының ішкішаруашылық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады. /5, 24 б/
Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады. Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органының немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсіндіреді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. /3, 32 б/
Мысалы ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды – бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдарды, өсімдерді, тұрақсыздық төлемдері.
«Қаржы ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
- Шаруашылық практикасында «қаржы ресурстары» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша қаражаттарының кірістері мен қорланымдарының жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша қаражататрының резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылқ есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақша қаражаттары, олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақты қаржы ресурстарын құрайды.
Өз кезегінде мемлекеттің қаржылық ресурстарының негізгі көзін мемлекеттік бюджет құрайды. Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет. /1/
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті капиталының маңыздылығы зор. Себебі ол осы кәсіпорынды ашудағы негізгі соманы құрайды және кәсіпорынның нарықта сенімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Яғни қызмет етуші корпорациялардың материалдық және ақшалай қорлар негізінде меншікті капиталдары болады. Осылардың бір бөлігі айналым активтеріне жұмсалады. Осы меншік капиталының негізі болып корпорация құлыла сала пайда болатын жарғылық қор негізінде көрініс табады. Бұл жарғылық қордың құрамы кәсіпорынға қатысушы инвесторлардың және қатысушылардың инвестициялары немесе затттай салымдары арқылы іске асады. /8, 42 б/
- Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттық және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда қаржы ресурстарының ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.
Қаржы ресурстарын пайдалану негізінен арнайы мақсаттағы арналымның ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы ресурстарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері негізінде объективті түрде алдын-ала анықталады және қор емес нысанымен салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар. /3, 34 б/
Қаржы мен қаржы ресрустары бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұнымен қоғамдық арналымын ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің 50% құрай отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол экономика дамуы үшін тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты. /3, 35 б/
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы ресурстары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда баланста кредит ресурстарының бір бөлігі де қамтып көрсетіледі.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:
1) Мемлекеттің кірістері – республикалық және жергілікті бюджетте шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
2) Бюджеттен тыс қаражаттар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қащыналық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОРЫ ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЗАТТЫҚ КӨРІНІСІ
2.1 Ақша қаражаттарының қорлары, оларды жетілдіру жолдары
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржы қатынастары өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады.
Мұндағы қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіірс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге – с, v және m-ге ыдырайды. Яғни өндіріске жұмсалынатын өндіріс құралдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v) төленеді және қосымша өнім (m) алынады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Қосымша өнім мемлекеттің қатысуынсыз болатын қаржы қатынастарының негізгі объектісі болып табылады, ол ақша қорларын жасау арқылы ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп аталаған үш элементтерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақша қорлары немесе ақша қорланымдары жасалынады.
Қалыптастырылған ақша қаражаттарының қорлары қайта бөлуге – қаражаттардың мақсатты арналымына қарай ұсақтандыруға немесе керісінше ірілендіруге, өндірістік және өндірістік емес құрал-жабдықтардың ауыспалы айналымы процесінде олар атаулы бағытауға немесе пайдалануға жұмсалады.
Материалдық өндірісте жасалынған құнның едәуір бөлігі жалпымемлекеттік мұқтаждықтарға беріледі, ақша нысанындағы өздігінше қозғалыс мемлекеттің кірістері түрінде мемлекеттің қаржы қатынастарының сферасына қосылады. Экономиканың бастапқы буындарының табыстарынан, аударымдарынан басқа, мемлекет халықтың салықтар, ерікті төлемдер – қарыздар, лотереялар, мемлекеттің қатысуымен банкте жинақталатын жинақ ақшалар нысанындағы қаражаттарының бір бөлігін жұмылдырады. Қаражаттардың бір бөлігі қор және қор емес нысандарда әр түрлі төлемдер, аударымдар, алымдар түрінде мемлекеттік, жекеше, қоғамдық кәсіпорындар мен халықтан түседі. Орталықтандырылған ақша қорларын – мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік қамсыздандыру қорларын, әр түрлі бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру арқылы мемлекет деңгейіндегі қаржы қатынастарының нысандары осылай пайда болады. Бұдан басқа ақша қаражаттары мен қорларының қозғалысы мемлекеттік ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламаларды - өндіргіш күштерді дамыту, әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, аумақтық және басқа бағдарламаларды жүзеге асыруға қолданылады.
Ақша қаражаттарын басқаруда кәсіпорынның айналым активтерінің күрделі әрі барлық қызметтерді жүргізудің және ұйымдастырудың негізі болып табылатын ақша қорларын және ақша қаражаттарын қалыптастыру мен тиімді пайдаланудан туындайды. Ұдайы өндiрiстiк тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының экономикадағы келесi үш қызметiн көрсетедi:
- Ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
- Ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
- Бақылау қызметi.
Мемлекет және кәсiпорындар өзiнiң иелiгiне материалдық өндiрiс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнiм және өзiндiк өнiм құнының бiр бөлiгiн алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметi ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады.
Осы жиналған немесе тартылған ақша қорларын экономикада орынды жұмсау қаржының екiншi қызметi ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Әрине жоғарыда аталған қызметтердiң барлығы бiр-бiрiмен тығыз байланысты және олардың қызметтерi бiр-бiрiнсiз жүзеге аспайтын белгiлi бiр экономикалық жүйе болып табылады.
Қаржының негізінде экономика салалары, аумақтары және өндіріс түрлері арасында, экономикалық субъектілер: мемлекет, кәсіпорындар және халықтың арасында ақшалай қаражаттар мен қорлардыбөлу мен қайта бөлу іске асырылады. Қаржының бөлу қызметі ақша қаражататрын оның артық саласынан экономиканың дамуы үшін қажетті және қаржылық қолдауды қажет ететін салаларына ақша қаражаттарын қорландыру арқылы бөлу мен қайта бөлуді айтамыз.
Қаржылық қатынастардың бөлгіштік сипатын жүзеге асыруда мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың орны ерекше болып табылады.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Мемлекеттік бюджеттің қорларының қалыптасуы оған түсіетінтүсімдердің негізінде болып табылады.
Сонымен қатар экономиканың өсуіне байланысты және нарықтық қатынастардың дамуына байланысты шаруашылықты тиімді дамытудың негізгі қайнар көзі болып табылатын инвестициялардың да қаржы ресурстарын қалыптастырудағы маңыздылы жоғары екені белгілі. Ал мемлекеттің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар негізінде қалыптасады. Оның көлемін және даму барысын келесі кестеден көре аламыз.
Кесте 1 - 2005-2007 жж. Мемлекеттік бюджет кірісінің құрылымы
Табыстар | 2005ж | 2006ж | 2007ж |
Барлық кіріс (млн.теңге) Салықтық түсім Салықтық түсімдердің үлесі % Корпорациялық табыс салығы Жеке табыс салығы, ҚҚС Әлеуметтік салық Акциздер Бонустар, роялти | 807852 752785 91,6 28,8 9,1 20,8 15,8 3,0 4,8 | 1004566 947251 94,2 26,6 9,1 22,6 15,4 2,6 0,4 | 1305264 1186137 91,3 29,3 7,5 18,6 12,8 2,3 0,8 |
Көзі: Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.
Кестеден көріп отырғанымыз мемлекеттік бюджеттегі салықтық түсімдер жылдан-жылға өсіп келе жатыр және оның ЖІӨ -нің өсуіне қарамастан оның үлес салмағы да артып келе жатыр. Сондықтан жалпы қаржы ресурстарының ішінде елімізде бүгінгі таңда салықтық түсімдер мен аударымдардың маңызы ерекше болып отыр. Сонымен қатар жалпы Қазақстан Республикасы экономикасындағы қаржы ресурстарының тағы бір көзі инвестициялық қызметтiң даму көлемiн келесi кестеден көре аламыз:
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүріп отырады. Сонымен бірге бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ререкшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз болып табылады. Бұл мәселені шешуде бюджеттен тыс қорлардың маңыздылығы ерекше.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары есебінен жасалатын ақша қорлары қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға, қосымша материалдық жағынан ынталандыруға, жаңа күрделі жұмсалымға, айналыс қаражаттарын көбейтуге, ғылыми-техникалық процесті қаржыландыруды, табиғатты қорғау шараларын жүргізуге бағытталады. Бұл шығындарды орталықтанрдырылмаған қаржы ресурстарын пайдалану есебінен жүзеге асыру микродеңгейдегі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұдайы өндірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және меншік нысандарына тәуелсіз болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны, мемлекеттің белгілі мақсаттарға пайдаланылатын ақша ресурстарының жинақталған көздері болып табылады. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.
Нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғау қорларының, Жұмыспен қамту қорларының құрылуын қажет етті. Бұл қорлардың көпшілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде уақытша қызмет етті.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізу субъектілеріне қайтарылмайтын тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша міндеті жүктелді. Қорларға аударылатын аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда құнның бұл бөлігі баға арқылы тұтынушыға аударылады, сөйтіп бұл жүктемені жалпы қоғам шегеді. Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір ауқымы қайта бөлінеді. Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы елдің ішкі өнімінің 10-12% пайызын құрайды.
Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы қорларын – белігілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қорланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылады. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, кейбіреулері өз уақытында экономика үшін маңызы жоғары болып табылады. Елімізде дағдарыстық және қайта жандану жылдары кәсіпорындар мен ұйымдарды экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қорлары жұмыс істеді. Сол жылдары министрліктер мен ведомстволарда жалпы сапалық сиапттағы шығындарды қаржыландыру, көптеген маңызды кәсіпоырндарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қаржы қорлары құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары, бағаны реттеу қоры және т.б.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық қорлар.
Бүгінде акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады. Осы баптың бірінші бөлігінде қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері бойынша белгіленген талаптар өз қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі. Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалатын кешенді қорлар – тұтыну және қорлану қорлары болып табылады. Тұтыну қоры еңбекақыға төленетін қаражаттар мен қызметкерлерді материалдық ынталандыру және әр түрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорындар қарамағында қалатын таза табыстың бір бөлігі есебінен құрылады. Қордың қаражатттары қызметкерлердің жеке тұтынуына жұмсалады.
Қорлану қоры:
- кәсіпорындар қарамағында қалатын табыс;
- негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
- банктердің несиелері;
- шығып қалған мүлікті сатудан түскен түсім ақша қаражаттары.
Яғни, қорлану қоры ұлғаймалы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға негізгі капиталдарды жаңартуға және жөндеуге, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға жұмсалады.
2.2 Әлемдік шаруашылық дамуындағы қаржы қатынастарының маңызы мен рөлі
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-несие институттарымен сауда, несие, инвестициялық, борыштар, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің сыртқы қатынастарға түсуін сипаттайды. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықтағы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретінде сыртық экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарды нақты түрде көрсетеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, кәсіпоырн және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiредi .
Валюталық қатынастардың жекеленген елементтерi ерте Грецияда және ертедегi Римдегi вексель түрiнде пайда болған. келесi даму кезеңiне Лиондағы және батыс европа елдерiнiң басқада сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкерлерi жатады. Мұнда аудармалы вексел бойынша есеп айырусылар жүргiзiлген. Феодолизм қарсаңында және өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланыста банктер арқылы халық аралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше . Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы.
Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретінде сыртқы экономикалық қызметтің қаржылары өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валюта ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда көрініс табады. Мұндағы бөлгіштік қатынастағы субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процесінің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Әлемдік байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
- қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
- халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
- халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың және жаһанданудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
- Сыртқы сауда;
- Шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа да бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу;
Тікелей шетел инвестициялары қазіргі уақытта жаһанданып жатқан экономиканың өндірістік негізі – халықаралық өндіріс жүйесін дамыту. Халықаралық инвестициялаудың әлемнің жалпы дамуындағы маңыздылығы оның капиталдардың жинақталған елдерден осы капиталға мұқтаж болып елдерге ағылуы болып табылады. Ал осының нәтижесінде әлемдік қоғамның тұрақты әрі біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі.
Әлемде салымдарының көлемі бойынша ең ірі 100 трансұлттық компаниялар өндірісі дамыған елдерде орналасып, олардың шетелдерге инвестиция салымдарының көлемі 1,4 трлн доллардай бағаланып отыр. Осы аталған компаниялар негізінен АҚШ, Жапония, Германия және Оңтүстік Корея елдері жатады. Осы компаниялардың стратегиясы тікелей шетел инвестицияларының өсе түсуін мақсат етеді. Әлемдегі осы алашқы 100 компанияның үлесі 42%-ды құрайды. Бұл трансұлттық компаниялардың негізгі бөлігі экономикасы дамыған елдерге тәуелді, ал дамушы елден шыққан трансұлттық компаниялар Оңтүстік Кореяның «Дэу», Сингапурдың «Крейтив технолджи» (компютерлік мультимедиялық рыноктың 60%-ын құрайды) компаниялары жатады.
Соңғы 10-20 жылда шетелдік инвестициялардың басым бөлігі қазіргі жаңа индустриялы елдер аталып кеткен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне бағытталды. Осындай шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және оларға қолайлы орта қалыптастыруда шетелдік инвестициялардың алатын орны ерекше болды. Жоғарыда атап өткен қазіргі шетелге инвестиция шығарушы елдер қатарына кіріп отырған Оңтүстік Корея Республикасының өзі кезінде ұлттық экономикасын шетелдік инвестициялар арқылы дамытқан болатын. 1992 жылы осы аталған елдер қатарына кіретін Қытай ең көп шетел инвестицияларын қабылдаушы ел болды. Осының негізінде Азиялық инвестициялық бумға Қытай экономикасы үлкен әсер етті.
- Елдің халықаралық қаржы-несие ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беруге байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
- Ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
- Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды тиімді дамыту республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және несие қатынастарының негізінде орын алады.
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылыма байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі шикізатқа, түсті металдарға, отынға, астыққа және мұнай өнімдеріне байланысты болып отыр. Бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың тиімді және тұрақты экономикалық дамуына кері әсер етеді. Бұл жағдайды келесі 1-ші кестеден көре аламыз.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі – валюталық түсім-ақша мен шығындардың ара салмағы ұғымы қолданылады. Валюталық түсім ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажет ететін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.
Қорытынды
Қорыта келгенде, қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені әлеуметтік-қоғамдық даму қатынастарында өндірістік қатынастар, оның ішінде өндірілген тауарлар, көрсетілген қызметтер негізінде ғана ақша немесе қаржылық қатынастар орын ала алады. Қаржының мәні қоғамдық қатынаста ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Ал бұл қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың ішіндегі құн заңының әрекеті негізінде орын алады.
Сонымен қатар, қаржы өз кезегінде ақша қаражаттары қозғалысы мен олардың айналым аясында көрініс табады. Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісінің негізі болып табылады. Себебі, қаржы қатынастары өздерінің қызметтерін жинақталған қаржы қорлары негізінде жүзеге асырады, ал өз кезегінде қаржы қорлары ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру негізінде пайда болады. Сондықтан қаржы мен ақша қаражаттары белгілі бір мақсаттарды бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана бiлдiредi.
Қаржы қатынастары, қаржының экономикада қызмет етуі белгілі бір қаржы қорларының, ресурстарының жинақталуы, олардың қалыптасуы негізінде іске асады.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны қамтиды:
- мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
- кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастарының бірінші сферасында орталықтандырылған қаржылар, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік негізде құрылған қорлардың қалыптасуы, оларды қалыптастырудағы ақша қаражат қорларының түсу ерекшелігін сипаттау болса, екінші сфера, яғни, кәсіпорындардың қаржылық қорлары нақты шаруашылық қызмет барысында қалыптасады.
Сонымен, елдің маңызды саласы болып табылатын қаржы саласын дамытуда ең алдымен олардың материалдық негізі болып табылатын қоғамдық дамуда тауар-ақша қатынастарын, қаржы қорларын, яғни ақша қаражат қорларын тиімді қалыптастыру мен дамытудың маңызы бүгінгі нарықтық қатынастар дамыған экономикада жоғары болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2000.–527с.
- Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2000. – 154 бет.
- Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 543 бет.
- Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
- С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2004ж. – 248 бет.
- Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
- Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2005, - 416 б.
- Байгiсиев Майдан-Әли / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
- Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
- Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
- Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
- Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.