Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақшаның пайда болуы,мәні және экономикалық маңызы эволюциясы

Ақшаның пайда болуы,мәні және экономикалық маңызы эволюциясы

Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады.

Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқы тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады, яғни ақша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол шаруашылық өмірдің жағдайына және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал етеді. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы-кредит жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

Ақшаның қазіргі экономикадағы рөлі еңбекақы, сыйақы түрінде еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау түрінде, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін; еңбектің саны мен сапасын бақылау құралы ретінде, сонымен бірге еңбек өнімділігін ынталандыру және арттыру құралы ретінде айқындалады.Сол себепті де ақшаның қазіргі экономикамыздағы рөлі өте маңызды.Сондықтанда ақша актуалды болып табылады.

Менің курстық жұмысымның тақырыбын ақша теориясына  қатысты таңдауыма осы себептер әсер етті.

Менің мақсатым -  осы жәйттар туралы  ашық және айқын түсіндіріп өту.

Курстық жұмысымды жазудағы негізгі міндеттерім - ақша түрлері, оның қызметтері, экономикалық рөлі, ақша туралы көптеген көзқарастар туралы баяндау және де осы түсініктемелер арқылы өзімнің ақшаға деген ойымды толық жетілдіру.

Курстық жұмысымды құрылымын айтып кететін болсам:

  • І бөлімінде - ақшаның пайда болуы, оның мәні және экономикадағы рөлі, ақшаның қажеттілігі және түрлері,  ақшаның атқаратын қызметтері туралы баяндалады;
  • ІІ бөлімінде - ақша жүйесі туралы ұғым, биметаллизм және монометаллизм жүйесі,  ақша теориялары және олардың дамуы, ақша айналымын ұйымдастырудағы теориялық негіздер туралы баяндалады.

Бұл сұрақтардың бәрі дерлік осы курстық жұмыста саяси-экономикалық қарым-қатынас жағдайындағы қоғам мен экономикада болып жатқан өзгерістерге қатысты көзқарастар тұрғысынан қарастырылады.

Курстық жұмыстың негізгі мәселелері дерексізден нақтыға өту жолымен, яғни экономикалық категорияның маңызын ашуда жүйелілікті қамтамасыз етуге, оның әрбір элементінің бір-бірімен өзара әрекеті мен негізгі бүтіндігін көрсетеді. Мұндай амал шынайы өмір мен шаруашылық тәжірибесінен қол үзбей теориялық оқулық материалдарын оқып-үйренуге бағыт сілтейді.

Осы жұмысты жазуда мен көптеген ғалымдардың әдебиеттерін пайдаландым. Мысалға, С.Аманжоловтың «С.Аманжолов оқулары – 2005» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдарын, Сейітқасымовтың «Ақша, несие , банктер» еңбегін және басқа да ғалымдардың еңбектері. Осы және басқа да әдебиеттердің мағлұматтары арқылы өзіме керекті материалдарды жинап, курстық жұмысымды жаздым.

І.  Ақшаның пайда болуы, мәні және экономикалық маңызы.

Ақша адамдарға ежелден таныс, бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. /8;8-бет/

Экономикадағы ақшаның пайда болуы, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар,атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде -ақ қарастырылған. Ақша теориясын ХХ ғасырдың І жартысында  А. Маршалл, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.

Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.

Біріншісі (ол ХІХ ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

Ғалымдардың пікірінше, екінші тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың  еркіне тәуелсіз түрде пайда болады. Айырбастық құн – бұл олардың салыстырмалы немесе сатып алушылық құны.

Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар – бұл сату немесе айырбастауға  арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының бірте-бірте алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:

  • қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау кезінде туындады. Мәселен, бір мал бір қап бидайға айырбасталды. Бұл жағдайда бір тауар өзіне қарама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын  өрнектейді, яғни тауарда құн бар.
  • толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде  туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар  ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан  тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен (тұз,  мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ  форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады.

Мысалы: Алтынның 10 унциясы   = 10 кг темірге   =  1 қойға  = 1 қап бидайға айырбасталады.

  • құнның жалпы формасы. Тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір тауар алынады (басқаша айтқанда ығыстырылып шығады). Барлық тауарлар осы тауарға теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы  құн салыстырылады. Мысалы: 10 кг темір, 1 қап астық 10 унция алтынға  теңестіріледі. Әр түрлі  аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші халықтары – малды, егін егуші халықтар – астықты, қалаларда – металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б. қолданды.

Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де , бұл тауар «ақша» деген атауды алады.

  • құнның ақшалай формасы ары қарайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи қасиеттеріне байланысты бөлу жүзеге асты. Алтынның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы. 1 унция – 1 фунт стерлинг. Алтын ақшалар өз құнын ақшалай тауардың құндық субстанциясынан алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез келген басқа тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен анықталады, соның нәтижесінде  тауарды ақшаға айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.

Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады. / 12; 10-12-бет/                                                 

Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынастарын бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық  категория /5; 8-бет/. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

  • ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс /12;13-бет/. Сонымен,ақшаның жалпыға айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды.Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл қасиетінің қамтитын ауқымы біршама кеңейе түскен / 9;6-бет/.
  • ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады/12;13-бет/, яғни тауарларды сатумен байланыссыз.Бұл ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда  Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге сатуы барысында және т.б. жағдайларда қолданылады /9;6-бет/.
  • ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді /12;13-бет/, яғни тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды /9; 6-бет/.

Ақшаның экономикадағы рөлі. Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда (мобилизация) және олардың ұдайы өндірісте тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Осылайша, ақшаның экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық экономикадағы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады.

Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке алу және бақылау құралы ретінде қолданылады.

Ақшаның экономикадағы рөлі тауарларды, қызметтерді сату – сатып алу бойынша экономикалық қарым-қатынастар субъектілері арасында келісімдік міндеттемелердің орындалуын бақылау құралы ретінде айқындалады, яғни ақша арқылы өндірістік және саудалық қызметті жақсы ұйымдастыруға қатысты жабдықтаушылар мен сатып алушылардың материалдық жауапкершілігі артады.

Осылайша, ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: осы трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл қозғалысы жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады /12; 31-33-бет/.

                           1.1. Ақшаның қажеттілігі және түрлері.   

Ақшаның қажеттілігі. Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық еш нәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т ' /13; 12-бет/ сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа    тауарды (Т ')сатып алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі.

Демек, ақша – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.

Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді) , ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.

Ақша – қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалығын қамтамасыз етеді.

Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның әр түрлі жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен ұсыныс, баға мен еңбекақы орналасқан.

Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету мақсатында Дж.Долан, Д.Кэмпбелл, Дж.Кэмпбеллдің сызбасын көрсетуді дұрыс деп есептедік /13; 13-бет/.

Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктерімен де байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан ақша еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады. Сонымен қатар ақшаның болуы мынадан туындайды:

  • шаруашылық қызмет нәтижелерін нақты өлшегіштерде ғана емес, сонымен қатар құндық өлшемдермен есепке алу қажеттілігінен;                      
  • меншік нысандарының әр түрлі болуымен және оларға сәйкес өндірістік қатынастардың болуымен, олар тауар-ақша қатынастарына негізделген коммерциялық есеп негізінде шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуын және жүргізілуін алдын ала болжайды /12;10-бет/.

Ақшаның түрлері. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар /7; 26-бет/.

Толық құнды ақшалар -  номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.

«Монета» сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни  сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» - «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдереді/14;23-бет/.

Алғашқы монеталар VIIғ. б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы ІХ-Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.

Алтын айналысына бірқатар елдер де ХІХғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:   

  • алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
  • жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
  • алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.Оларға мыналар жатады:

  • құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
  • құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:

  • металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
  • металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
  • бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
  • эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
  • бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІғ. Қытайда, 1690ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762ж. Австрияда және 1769ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-92жж. және Қазақстандағы 1993ж. ақша реформасы   нәтижесінде айналымнан алынды.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

Несиелік ақшалар -  тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.

Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек. «Вексель» сөзі ағылшынша bill note - міндеттеме шоты дегенді    білдіреді.

Вексель белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

Вексельдің түрлеріне «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңында / 2: 28.04.1997/ мынадай түсініктемелер берілген:

→  Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

→   Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу құралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельді түрлері ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық,қазыналық, достық, бронзалық/6; 70-бет/.                            

                                                       

Вексель түрлері
 
  Қаржылық (банктік)- белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.     Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі.     Достық вексель – кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.     Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

Банкнота (ағыл. сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:

мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

кепілдігіне қарай,  вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.  

            Банкнота
   Классикалық банкнота – бұл банкнотаның  алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.        Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды. Алғашқы чектер 1683ж. Англияда пайда болды.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу құралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару  туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы. 

Ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы.
Атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады.
 
Ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді.
 
Чек түрлері
Мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді.
 
Есеп айырысу чегі  - заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады.
Кепілдірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
 
Жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құрал

Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады.Олар екі түрлі болып келеді:

    Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.            Кредиттік карточка – оның элементі мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.  

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card », «Visa », « ALTYN », «Maestro» және т.б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады /5;10-17-бет/.    

2.1. Ақшаның атқаратын қызметтері.

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды /5;18-бет/.

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді.Бірақ та тауарларда салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды, яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.

Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.  

Металл айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдың салмақтық көлемі деп аталады, ол кез келген елде ақша бірлігі ретінде және басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша ретінде алтын есептелетін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола бастады. Алтынның фунтқа және унцияға бөліну қасиеті бар. Алғашқы ақшалардың аты ақшалай металл (алтын, күміс) ақшаның салмақтық құрамымен сәйкес келді, ал салмақтық масштабтың аты бағалар масштабы деп аталады.

Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әр түрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі болып айқындалады, бағалар масштабы – металдың тұрақты салмағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар және керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі көлемі өлшенеді.

Қазіргі жағдайда алтын ақшаның міндетін атқарудан қалды, яғни ол ақша қызметін, соның ішінде құн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын кредиттік ақшалармен алмастырылды.

Әрбір мемлекет өз құн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн өлшемі ретінде теңге, Ресейде – рубль, АҚШ-та – доллар, Еуропалық Одақта – евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөл ойнайды. Айрықша қажетті жағдайда үкімет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді.Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы -  бұл құнның бір өлшемінен басқасына өту, ол ақшаның жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.

Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады /12;23-бет/.

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т-А-Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар). Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады,  оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналым екі актіден тұрады: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толық құнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.

Кредиттік ақшалар. Тікелей тауар айналымы кезінде, яғни бартерде (тауарды тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы ретіндегі ақша қызметі кезінде тауарларды сатып алу және сату актілері арасында алшақтық пайда болады, дербес болады, уақыт бойынша сәйкес келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң, қолдағы ақшасын басқа тауарды сатып алу үшін жұмсауға асықпайды. Бұл айырбастың бұзылуының объективті мүмкіндігін қалыптастырады, яғни сатылған тауар сатып алынған тауардан көп, нәтижесінде дағдарыстық жағдай қалыптасады.

Тауар айырбасының  бастапқы сатыларында, яғни алтын тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бөлініп шыққан кезде, ол бір мезетте әрі құн өлшемі, әрі айналыс құралы ретінде ақша қызметін орнатады. Ондағы екі қызмет бір-біріне сәйкес келмеді.

Тауарлық айналымының ары қарай дамуы ақшаның осы қызметінің бір-бірінен бөлектенуіне әкелді, құн өлшемі қызметін толық құнсыз ақшалар орындады, ал айналыс өлшемі қызметін – олардың белгілері: қағаз және кредиттік ақшалар атқарады /12;24-бет/.

Сонымен, ақша айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына инфляцияға жол береді /5; 20-бет/.

Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды.

Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) – М (міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін М (міндеттеме) – Т (тауар).

Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.

Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:

  • тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері; 
  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
  • банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
  • сақтандыру міндеттемелері;
  • әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.

Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады /5; 20-бет/.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей жинау құралы болып табылады.Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін  толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.

Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады.

Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:

1)Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ  (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;

2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында /5; 21-бет/.

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды.

Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидия беруі  барысында қызмет етеді.

Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған  ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде,   К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді»,- деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.

Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.

Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты  Халықаралық валюталық қордың СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.

1999 жылы қаңтар айынан  бастап, Еуропалық валюталық елдерінде жаңа валюта «Еуро» енгізілді. Еуропалық валюталық Одаққа бастапқыда он бір ел қатынасқан: Германия, Франция, Люксембург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың  1 қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылады.

«Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 ж. 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты /5;21-22-бет/.

ІІ. Ақша теорияларының даму эволюциясы.

2.1.Ақша жүйесі туралы ұғым.

Биметаллизм   және  монометаллизм жүйесі.

Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі – ол тарихи  қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI –XVII ғғ. капиталистік өндіріс қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар-ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:

  • металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
  • несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді. Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті.

Биметаллизм  - ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент рөлін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі.Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

Биметаллизмнің үш түрі болған:

  1. Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.
  2. Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
  3. «Қосалқы» валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс-жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.

Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде  XVI – XVII ғғ. пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін кең қолданылды. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті.  

Дегенмен 1865 ж. Франция, Бельгия, Швейцария және Италия биметаллизмді сақтап қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865-1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы 1:15,5 тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.

Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса ХІХ ғ. аяқ шенінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақшаның айналыстан шығуы Коперник-Грешем заңында айтылған «жаман ақша жақсы ақшаны айналыстан ығыстырады» деген қағиданың өмірдегі көрінісі.

Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді /8; 57-59-бет/.

Монометаллизм -бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі болып бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі /9;42-бет/.Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталады.Күміс монометаллизмі Ресейде 1843-1852 жж., Индияда 1852-1893 жж., Голландияда  1847-1875 жж. қызмет етті /8; 59-бет/.

Алтын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде XVII ғ. Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 ж. заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол ХІХ ғ. аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда – 1871-1873 жж., Швецияда, Норвегияда және Данияда – 1873 ж., Францияда 1876-1878 жж., Австрияда – 1892ж., Ресейде және Жапонияда – 1897ж., АҚШ- та – 1990ж. 

Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мұндай түрлерге бөлінеді:алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын дивиздік (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып,  өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың  дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілермен сипатталады:

  • алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;
  • алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);
  • толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
  • алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

Алтын монета стандартының қызмет етуі орталық банктерде, олардың айналысын қамтамасыз ететіндей мөлшерде алтын қорының болуын, және оның монета айналысының резерві ретінде қызмет етуін талап етті.

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қауіпін туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатса,кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады, және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде қалпына келтіре алмады.

1924-29жж. Ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның келесідей екі қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма және алтын девиз стандарты.

Алтын құйма стандартының алтын монетадан  айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700фунт стерлинг, Францияда 12.7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы – 215 мың франтке тең болды.

Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын дивиз (алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркін түрде жасау болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды.

Сонымен,1929-1933жж.дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде алтын монета стандарты барлық елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып, (мысалға, Ұлыбританияда -1931 ж.,АҚШ- та,1933 ж.,  Францияда – 1936ж.) оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді /9; 42-43-бет/ .    

2.2.Ақша теориялары және олардың дамуы.

Әр түрлі кезеңде жетілдірілген ақша теориясы мен ақша айналымын зерттеу ақша-кредиттік механизмі және экономиканың қаржы құралы ретінде жетілдіру тұрғысынан мүдделі, сондықтан ақша теориясының дамуы іргелі тарихи кезеңдерді зерттеуі қажет.

Ақша теориясында үш негізгі бағыт бөліп көрсетіледі: ақшаның металдық теориясы , номиналистік және сандық /12; 77-бет/.

Ақшаның металл теориясы. Ақшаның металл теориясы XV–XVII ғғ. ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан.Оның аса танымал өкілдері Англияда – У. Стэнфорд, Т. Мэн, Д. Норе, Францияда – А. Монкретьен болды.Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық – табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс деп есептеді. Бұл ақша теориясы фетишизмге (киелі затқа табынуға) жатады, себебі ақшаны алтын мен күміске теңеп, тауар шаруашылығындағы ақшада адамдардың өндірістік қатынастарын назардан тыс қалдырады.

Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады – дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің келуін қамтамасыз етеді – деп пайымдайды. Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі – біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етуді нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металдар болса; екіншіден. Металл ақшалардың айналымында олардың (металл ақша) орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.

Германияда ХІХ ғ. екінші жартысында алтынмонетарлық стандарттың енгізілуімен металл ақшаның теориясы дүниеге келді. Бұл оның бірінші метаморфозасы болды , неміс экономистері (К. Книс және т.б.) ақша деп тек асыл металдарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.

Екінші метаморфоза бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды, оның өкілдері алтынмонетарлық стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін мойындап, алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтын құйма және алтын-дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.

Ақшаның металл теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М. Дебре, Р. Харрод) халықаралық айналымға алтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.

Бреттон-Вуд валюта жүйесі қирағанда ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында алтын стандартты қалпына келтіру қажеттілігін негіздеу қайта байқалды. АҚШ- та 1981 ж. осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды,бірақ ол алтын стандартты енгізуге пайдасыз болады деп есептеді.

Сонымен, ҒТП-тің, өндірістің, тауар айналымының дамуымен металл айналысының ауқымы ХХ ғасырда тар болып шықты және металл жүйесінің ішінде кредитте негізделген, сапалы жаңа төлем әдістері мен айналыс формалары пісіп-жетіле бастады /12; 78-бет/.   

Ақшаның номиналистік теориясы. XVII-XVIII ғғ. Ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли, Дж. Стюарт және А. Смит болып табылады. Бұл теория ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады деп есептеген. Олар ақшаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарды.

Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары төменде көрсетілген:

  • ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;
  • бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.

Номинализм үстемдік жағдайға ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қол жеткізді.Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы – оның қорғау объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.

Неміс ғалымы Г. Кнаптың ақша теориясында («Ақшаның мемлекеттік теориясы») басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:

  • ақша – мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;
  • ақша – бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен иемденген белгілер;
  • ақшаның негізгі қызметі – төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалдарында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, -деп жазды.

1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет алды.

Мемлекеттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Ақша туралы трактатында» қағаз ақша алтынға қарағанда айналымда ыңғайлы толық құнды төлем құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді – деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жәйт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылады.

Сонымен, Кейнс номинализмнің тәжірибелік мақсаты – алтын стандартты жойып, қағаз ақшаның айналымға еркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибелік негіздеуінде болды.

Қазіргі таңда номинализм – ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теорияларының бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист           П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп санайды. «Экономика» шығармасында ол: «Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді ... Ақша – жасанды әлеуметтік шарт» - деп жазды.

Номиналистік теорияның пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен пайда болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша – металды қатынастардың белгілі заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қажеттілігі туындағаны, бағалы металдарды өңдеу өндірісінің жетімсіздігі нәтижесінде пайда болды. Қағаз ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі – мінсіз қатынас құралы ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.

Сонымен, номинализм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте оңды сан бірлігі болып табылады /12; 79-бет/.

Ақшаның сандық теориясы. Ақшаның сандық теориясы XVI ғ. пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі мен ақшаның құны айналымдағы санына байланысты деп түсіндірді. Бұл жорамалды француз Жан Боден ойлап тапты.Оның пайымдауынша, Батыс Еуропада тауардың қымбаттауына бағалы металдардың көп әкеліне бастауы әсерін тигізді, сол себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты,ақша санымен тауардың бағасы да өсті.

Кейінірек мұндай пайымдауды ақшаның сандық теориясының басқа өкілдері Д. Рикардо, Монтескье, Д. Юм, Дж. Миль т.б. қолдады.Олар аталған теорияға айналымдағы ақшаның сандық өзгерісі мен оның құнының арасындағы пропорционалдылықты әкеліп қосты.

ХХ ғ. басында ақшаның сандық теориясы батыс экономикалық ілімінде классикалық емес өндіріс теориясының маңызды бөлігі ретінде үстемдік алды. Негізінде, трансакциондық және кембридждік бағыттар пайда болды.

Трансакциондық ақшаның сандық теориясының негізін американдық ғалым  М. Фишер қалады. Оның теориясында белгілі бір мерзімде тауар айналымының саны – орта жылдамдықта ақша санының өндірілуі және сатылған тауарлардың саны орта бағамен анықталады делінген. Сонымен қоса, осы тұрғыда олар екі элементтің: ақша айналымының жылдамдығы сатылған тауарлардың санына әсер етпейді деп есептелген. Ол қысқа мерзім ішінде аталған шамалар өзгеріссіз қалады деп болжады: ақша айналымының жылдамдығы кредит дамуының деңгейі, байланыс құралының күйі сияқты ұзақ мерзімді  факторлармен анықталады, ал тауар өндірісі ресурстардың жетімсіздігімен шектеледі.Сонымен, байланыс болып табылады – деп қарастырды, яғни айналымдағы ақшаның саны баға деңгейіне тікелей әсер етеді.

Алдымен баға өзгерісінің бірінші себебі ақша салмағы (ақша саны) болып табылады. Ақша салмағының өзгерісі бағалардың өзгерісіне сәйкес келеді. Оның негізгі сандық теориясының формуласы  MV = PQ теңдеу болып көрсетіледі,

мұнда:  Q – тауарлық мәмілелердің саны,

              V – ақша айналымының жылдамдығы,

              M – ақша салмағы,

              P – баға.

Бұл теңдеу ауыстыру теңдеуі деп аталады. Ол ақша айналымында маңызды өзара қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік туғызды, М(ақша салмағы) мен Р ( баға деңгейі) көрсеткіштерінің арақатынасын нақтылап берді.

Ақшаның сандық теориясының  кембридждік бағытын ағылшын экономистері Кембридж университетінің профессорлары А. Маршалл, А. Пигу, Д. Робертсондар дамытты,  оларды монетаристер деп атады.  М. Фишерден бір айырмашылығы, олардың теориясының негізіне ақша айналымы емес, шаруашылық субъектілердегі қаржылардың ахуалы алынды.

Кембридждік бағыт тауар айналымы мәмілелерінің  сомасы М. Фишердің есептеуі сияқты сатылған тауарлар санын орташа бағаға көбейтіліп, анықталады. Бірақ, сонымен қоса, егер М. Фишер айналым жылдамдығын константа ретінде қабылдаса, қатысушылардың әдетімен байланыстырады.

Кембридж мектебінің формуласы мынадай:

                                     PV – TV + DV'

мұнда:  P – бағалардың жалпы деңгейі,

             V - өндірістің көлемі,

              T – ақша белгілерінің саны,

              D – депозиттер,

            V және V' ақша мен депозиттердің айналым жылдамдығы.

Бірақ, екі бағыттың соңғы қорытындысы бірдей. Ақша санының өзгерісі тауар бағасы өзгерісінің жалғасы емес, себебі болып табылады.

Батыс елдеріндегі экономикалық даму барысы мен 1929-1933 жж. болған ұлы депрессия кезінде осы теорияның өкілдері өзгермейтін деп санаған ақша айналымының жылдамдығы кенет тербеліске душар болды, сондай-ақ кризис – ресурстарды түгелдей пайдаға асыру туралы шарттың қателігін айқын ашып көрсетті. Осы тұжырымдама баға қалыптасу тәжірибесіне монополистік бірлестіктердің тигізер әсерімен санаспай, мұндай процестің тек айналымдағы ақша санының өзгеріс нәтижесі деп есептейді. Осының бәрі ақшаның сандық теориясы маңызының уақытша төмендеуіне әкеліп соқтырады. Алайда, бұл теория 1960-1980 жж. саяси экономикадағы жаңа ағым формасында – монетаризмде көрініс таба бастады /12; 81-82-бет/.

Осы заманғы монетаризм. ХХ ғасырдың ортасындағы экономика қаржы саласы мен ақша шаруашылығы мекемелеріне ерекше назар аударылуын талап етті. Осы кезеңде Чикаго экономикалық ғылым орталығы пайда болды, оның өкілдері Чикаго университетінің профессорлары Ф. Найт, Дж. Стиглер, Дж. Вайнер, Г. Саймоне және М. Фридмэн болды.

М. Фридмэн монетаристік теория негізіне ақшаның сандық теориясының әдістемелік негізі ретінде Кембридж мектебінің ғалымдары А.Маршалл, А. Пигу, И. Фишердің ілімдері жатқызылады.

Оның еңбектерінде ақша шаруашылығының анализі мен қазіргі ақша теориясы маңызды орын алады. Ғалымның пайымдауынша, жоғарыда аталған жағдайлар сауатты монетарлық саясатта экономиканың тұрақтылығына даңғыл жол ашады.

М.Фридмэн зерттеулерінің нәтижесі және жалпы қазіргі монетаристік теорияның негізгі мазмұндары төмендегідей түрде қорытындыланады:

  • еркін, шексіз бәсекелестігі бар, өзіндік жолмен, өзіндік реттелу негізінде, тұрақтылыққа әкелетін нарықтық жүйелі экономика тиімді болып табылады;
  • ауыртпалықтар мен кризистер экономикаға сырттан келеді, экзоген сипаты болады, бұл факторлардың себепкері - өзін-өзі реттейтін күштер әрекетін жоятын мемлекеттік кірісуі болып табылады;
  • мемлекеттік реттеу шеңберін тарылту қажет, өйткені «бірде-бір өкімет нарықтан асып, ақылды бола алмайды», ал «мемлекеттің шарасыз түрде туындайтын қателерінің құрбандығына біздің ақшамыз шалынады»;
  • экономика саласындағы зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстардың салмақ орталығына ақша-несие қатынастарын салу керек;
  • қолданбалы психология жетістіктерін пайдаланып, шаруашылық субъектілердің қызмет себептерін белсендіру шараларын күшейту керек (М.Фридмэн, өкімет әрекеттерін алдын ала көру мүмкіншілігі бар инвесторлар мен тұтынушылар тәжірибелігіне, іскерлік сауаттылығы мен ақпараттандырылған дәрежесімен, шарттанатын «рационалды күту» түсінігін енгізді );

М. Фридмэннің «Ақшаның сандық теориясы бойынша зерттеулер» кітабында (Чикаго, 1956) көрініс тапқан ережеледің барлығы дамыған елдерде, алдымен АҚШ-та, Англияда, Польшада, Чехияда т.б. экономиканы көркейту мақсатында жасалған экономикалық ақша-кредит саясаттарында пайдаланылған.

90-шы жылдарда жүргізілген экономикалық саясат, инфляциямен күрес, социалистік құрылым салдарын жеңіп шығу барысында Қазақстан монетаристік саясатты ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, қолданды. Осы елдердің тәжірибесі монетаристік теорияның ғылыми негізі дұрыс болғанын, қазіргі экономиканың даму талаптарына толық сәйкестігін дәлелдеді.

М.Фридмэн сандық теорияның ақша сұранысы теориясы екендігіне басты назар аударады, ал соңғысы – капитал теориясы тарауларының бірі. Ақша массасының нақты көлемі сатып алынатындай болып танылатын тауарлар мен қызметтердің көлемінен білінеді, яғни бұл жағдай ақша сұранысына байланысты. Бұл жерде ақшаның номиналды санының азаюы қоғам байлығының артуына себепкер болады ма? – деген сұрақ туады. Алғашқы нәтижелер қатарына бағаның бірқалыпты төмендеуі, табыстың арту көрінісі болуы мүмкін. Алайда, ақша массасының азаюы белгілі бір шекке жетіп, ақша тапшылығы мен өндіріс ресурстарының азаюына әкеліп соқтырады. Фридмэн ақша салмағы мен бағалардың тиімді арақатынасы болу үшін несие мен пайыз ақыны қосып көрсетеді. Сонымен, ол төмендегідей қорытынды жасайды: ақшаның тиімді саны, баға дефляциясының екпіні номиналды пайыз ақыны нөлге келтіргенде жетіледі. Ақша айналымының теңдігі қалпына келеді.

Монетаризм, ақша сұранысы қызметін экономиканы сараптау барысында ақша табысы мен баға деңгейі сияқты шамаларды анықтау үшін маңызды рөл атқаратын құрал ретінде қарастырады. Аталған жағдай тауарлар мен қызметтердің сұранысына емес, ақша сұранысына назар аударуға мәжбүр етеді.

М.Фридмэн тиімді ақша мөлшерін бірқалыпта ұстау үшін банктің міндетті қорларын қолдануды ұсынады, бұл банктердің арасындағы бәсекеге жеткізеді. Бәсекелестік негізінде депозиттік және несиелік пайыздар деңгейі белгіленеді. Экономикалық өсу жағдайында міндетті қорлану нормаларының азаюы, қосымша қаржылар ақша қорларын несиелеу үшін қосылуы мүмкін. Банктердің қорларды азайтуға табиғи ұмтылысы қоғамға депозиттер арқылы өскен пайыздарды қайтару негізінде пайда әкеледі.

Монетаристердің пікірінше, өсімін бақылауда ұстауды қажет ететін ақшаның массасына банктен тыс ақша, мерзімді және талап етілмелі депозиттер кіреді.

Экономикалық өсу жағдайында міндетті резервілеу нормаларының төмендеуі, қағаз ақша қорын несиелеу үшін қосымша ресурстар құйылу мүмкіндігі туындайды. Банктердің инфляцияны жасанды түрде басуға ұмтылысы өсім пайызы бар депозиттер бойынша несие беру түріндегі қоғамға тигізер пайдасы бар.

Монетаристердің пікірінше, өсімді бақылауда ұстаудың қажеттілігі бар ақша массасының құрамына банктен тыс қағаз ақша мен депозиттер кіреді.

Ақша массасы өсімінің тұрақтылығы ақырында баға өсімінің тұрақтауына әкеледі. Жасанды түрде тоқтатылған инфляция өте қауіпті. Бұл жағдай нарық жүйесінің қызметіне кедергі жасап, еркін кәсіпкерлік жүйесін қиратады.

М.Фридмэн экономикалық саясатта екі тараптың – фискальды және ақшалы – қарама-қарсы бірлігін қарастырады, ол пайызды мөлшерлемені, валюта курсын және т.б. мемлекет бекітуінің уақытша тиімділігін баса көрсетеді.

Монетарлық саясатты ұстанған кезде – М.Фридмэнше – қаржы органдары бақылау мүмкіншілігі бар параметрлерді қарау қажет. Бақылау мүмкіншілігі бар әр түрлі параметрлер ішінде ақша  ауыстыру курсы, әр түрлі көрсеткіштермен тапсырылатын баға деңгейі және айналымдағы жалпы ақша көлемі ең тартымды болып табылады.

ҚР Ұлттық банктің 1994-1995 жж. жүргізген экономикалық саясатында гиперинфляциямен күресу және макроэкономиканы тұрақтандыру үшін монетарлық теорияның негізгі қағидаларын, оның ішінде ақшалы және тауарлы массаларды және MV = PQ формуласын тең ұстанды.

Басқаша айтқанда, ол айналымдағы ақша массасын барынша көп қысу жолымен, тауарлар мен қызметтер массаларына сәйкестендірді. Ақша массасын қысу айналымдағы жоғары несиелік мөлшерлемені, банктің міндетті қорларын және т.б. қолдану арқылы ақша эмиссиясын қатаң бақылауға алу әдісімен жүзеге асырылады /12;83-86-бет/.

Қорытынды

Сонымен қорыта келе, ақшаның рөлі әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Ағылшын У.Гладсонның айтуы бойынша адамзатты «қаншалықты ақша аздырғандай, махаббат та соншалықты аздырған жоқ».

Әр түрлі халықтарда ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылды. Олардың құны тұрақты деп есептеледі. Олар мал, қолөнер бұйымдары, балық аулайтын қармақ, маталар және т.б. болды. Бұндай әр түрлі пікірлер көптеген экономистердің «ақша – бұл тауар мен қызмет көрсетуге айырбастайтынның бәрі» - деген тұжырымдауына себепші болады.Бірақ бұл ғылыми анықтама болып табылмайды. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті. Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі. Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша – бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.

Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты.

Ал ақшаның қызметтеріне келетін болсам, ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану құралы және әлемдік ақша.

Курстық жұмысымның екінші бөлімінде ақша теориялары туралы айтылған болатын. Осы жерді қысқаша түрде қорыта айтатын болсам, ақшаның дамуы үш негізгі теорияларға байланысты: металдық, номиналдық және сандық. Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезінде пайда болды. Оның өкілдері мерканталистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды. Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер болып табылады. Кейінірек оны Дж.Беркли (Англия) мен Дж. Стюарт (Шотландия) дамытты. «Металлистерге» сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін – айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. «Номиналистер» ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді. Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар Дж. Локк (XVII ғ. соңы ), Ш.Монтескье, Д. Юм, Д. Рикардо (XVIII ғ. соңы) болды. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді.

Курстық жұмысымды қорыта келе,  мың жылдан астам уақыт адамдар ақшасыз өмір сүріп, сауда айырбас түрінде жүрген. Бұлар бертін келе жойылып кетті. Ақша орнына жүрген айырбас заттардың айналымнан алынып тасталуы оларды өндіру қорының мөлшерден артық болуы және тұрпайы ақша заттары орнына бағалы металдардан жасалған ақшалар пайда бола бастады.

Ақша эволюциясының осы заманғы кезеңіне электронды ақшалар жүйесі сай келеді. Олардың көмегімен ақша операциялары жүргізіледі: банк есебінен ақша алу, салымдарды қабылдау, төлемдер, чектік кітапшалар беру , дебет-карточкалары және т.б. Электронды чектік кітапша болып табылатын смарт-карточкалар пайда болды. Қазақстанда электронды ақшалар жүйесі қалыптасу сатысында.

Қазіргі кезде ақша өте үлкен рөлді атқарады.   Сондықтанда ақшаны құнсыздануынан қорғап отыруымыз керек. Егер ақшаның құны түсіп кетсе, халқымыздың экономикасына әсері өте көп болады. Сол себепті де қазіргі кездегі ақшамызды құндандыруымыз керек, сонда экономикалық жағдайымыз жақсы болады.

Осы ойларды іс жүзінде асыруымыз үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып,еліміздің ертеңі үшін аянбай қызмет атқаруымыз керек!

Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР төлемдер мен ақша аударулар туралы Заңы. 29.06.1998.№237-Алматы: «Жеті Жарғы», 1999.
  2. «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңы. 28.04.1997ж.
  3. «С. Аманжолов оқулары -2005» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Өскемен қаласы.2005. 2-бөлім
  4. Деньги кредит и банки. Под ред. О.И. Лаврушина. Москва. «Финансы и статистика», 2001.
  5. Ақша айналысы және несие. Оқулық. – Алматы: «ИздатМаркет», 2004.
  6. Общая теория денег и кредита /Под ред. Жукова Е.Ф. – Москва: «Банки и биржи», 1995.
  7. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под ред. Дробозиной Л.А. – Москва: «Финансы, ЮНИТИ», 1997.
  8. Ақша.Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Көшенова Б.А. Оқу құралы / - Алматы: «Экономика», 2000.
  9. Ақша айналысы және несие. Мақыш С.Б. Оқу құралы. – Алматы «Қазақ университеті», 2000.
  10. Толковый словарь Терминов рыночной экономики. Под ред. С.Б.Байзакова В2-х.ч. – Алматы: «КазНИИНКИ», 1993.
  11. Деньги Кредит и Банки. Под ред. А.В.Борискин, А.А.Тарабцев, А.Б. Тарушин. Санкт-Питер., СпецЛит, 2000.
  12. Ақша, несие, банктер. Сейітқасымов. Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005.
  13. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная система. Э.Дж.Долан, К.Д.Кэмпбелл, Р.Дж.Кэмпбелл. Москва-Ленинград.1991
  1. О чем рассказывает монеты / Под ред. Игнатенко А.П. 2-е. – Минск, 1978.
  2. Денежное обращение Кредит СССР. Геращенко В.С. – Москва., «Финансы»,1976.

Похожие материалы