Экономика
Қаңтардан бастап шәкіртақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 25%-ға артады
Қазақстанда қаңтардан бастап шәкіртақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 25%-ға артады. Бұл туралы мемлекеттің 2016-2018 жылдар аралығындағы жаңа бюджет жобасында жазылған деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі .
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу үшін қосымша шығын көлемі ретінде 305,5 млрд теңге, мүгедектігі бойынша және асыраушысын жоғалтқан жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 25% -ға көтеру үшін 48,7 млрд теңге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің зейнетақы көлемін реформалауға (ынтымақты зейнетақы жүйесін қалыптастыру) 12,7 млрд теңге, шәкіртақы мөлшерін 25%-ға көтеру үшін 16,2 млрд теңге бөлінетін жаңа үлгі енгізу ұсынылып отыр.