Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтау жанармай бекеттерінде газ бағасы төмендеді

Ақтау жанармай бекеттерінде газ бағасы төмендеді

Ақтау. 20 мамыр. 7kun.kz - Ақтау қаласының жеке жанармай бекеттерінде сұйытылған газ бағасы арзандап, 27 теңге болды. Бұл жөнінде Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда бөлімі басқармасының басшысы Бекқали Жұбанов мәлімдеді.

«Біз жанармай бекеттерінің иелерімен кездесіп, сөйлестік. Оларға қалада қоғамдық шиеленістер болмағанын және бағаны түсіру керектігін түсіндірдік. Олар айтқанымызға қарсы келмеді. Жағдай қалыпқа келіп, газ бағасы қайтадан өз орнында. "ҚазМұнайГаз" бекеттерінде жанармай 27 теңгеден сатылып жатыр.  Күні кеше Қазақ газ өңдеу зауытынан тағы 8 цистерна әкелінді. Газ бар, ешқандай мәселе туындамауы тиіс», — дейді Бекқали Жұбанов.

Оның айтуынша, жанармай бағасы бұрынғы қалпына, яғни 27-30 теңгеге түскен.

Аймақта 160-тан аса жанармай бекеті бар. Оның ішінде 15 газ толтыру бекеті "ҚазМұнайГаз өнімдері" ЖШС-не қарасты. Соңғы уақыттарда көгілдір отынмен айналысатын жеке кәсіпкерлер саны 129-дан 141-ге өскен.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір апта бұрын сұйытылған газ бағасының 40 теңгеге бейін көтерілгенін жазған болатынбыз. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев ол кезде газ бағасының қымбаттауына еш негіз жоқ деген болатын. Ал, кәсіпкерлер болсе, бағаның көтерілуін жанармайдың жетіспеушілігімен түсіндірген еді.

Похожие материалы