Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтауда Қолжетімді баспана-2020 бағдарламасы бойынша 400 отбасы пәтерлі болды

Ақтауда Қолжетімді баспана-2020 бағдарламасы бойынша 400 отбасы пәтерлі болды

Ақтау қаласында Қолжетімді баспана-2020 бағдарламасы аясында 400 отбасы пәтерлі болды. Пәтерлер 32А ықшам ауданында орналасқан. 2015 жылдың соңына дейін 120 және 670 пәтерлік екі үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев пен "Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкінің" басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев қатысты.

"Біз барша маңғыстаулықтарды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге тиіспіз", - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

"Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты жүзеге асырыла басталғалы бері тұрғын үйдің жоғары сапалы болуына көп көңіл бөлініп жатыр. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ Банкінің желісімен салынатын үйлердің өз уақытында аяқталуы үшін Ұлттық қордан қосымша 30 миллиард теңге бөлінетін болады.

"Жаңа пәтерде жаңа өмірлерін бастағалы отырған азаматтардың еліміздегі ең елеулі оқиға - Президент сайлауымен тұспа-тұс келгені қуанышты жағдай, - дейді Қарашөкеев. - Біз қазіргі елбасымыз жариялаған жаңа экономикалық саясат "Нұрлы жолды" қолдаймыз".

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қолжетімді баспана-2020 бағдарламасы "Аймақтардың 2020 жылға дейінгі дамуы" атты кешенді бағдарламасының бөлігіне айналды. Жаңа құжат түрі аймақтар мен ірі агломерацияларды дамытуға көмектеседі.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі" АҚ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес компаниясы екендігін естеріңізге сала кетейік.

Похожие материалы