Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақ жол саған, жас түлек!

Ақ жол саған, жас түлек!

Алматыда жалпы орта білім беретін мектеп түлектерінің жыл сайынғы дәстүрлі «Жас түлек» фестивалі өтті. Биыл Алматы қаласындағы метептерде 6810 түлек жалпы орта білім туралы аттестатты алып, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 254 түлекті «Алтын белгімен» марапаттады. Алматы осымен бесінші рет Қазақстандағы ең үздік орта білім беретін қала атанып отыр. Қалада ҰБТ балының орташа көрсеткіші 96,2 балл болса, республика бойынша орташа көрсеткіш 81,2 балл деңгейінде.

 7kun.kz тілшісі жыл сайын дәстүрге айналған фестивальге  қатысып, жас түлектердің қуанышымен бөлісіп қайтты.

367

Кешке келген қала әкімі Бауыржан Байбек жас түлектерге ақ жол тіледі. «Биыл «Алтын белгіге» үміткер 297 алматылық түлектің 254-і немесе 85,5% өздерінің білімдерінің жоғары екендігін дәлелдеді. Сонымен қатар біздің 6 түлегіміз ең жоғарғы көрсеткіш - 125 балл жинап, рекорд жасады. Республика бойынша жалпы 19 түлек осындай ең жоғарғы балл жинаса, олардың үштен бірі біздің қаламыздың оқушылары. Осымен бес жыл қатарынан біздің оқушыларымыз ҰБТ нәтижесі бойынша республикада бірінші орын алуда. Сендердің еңбектерің зая кетпеді, сендер аса құнды әрі тұрақты капитал – білімге ие болдыңдар»,- деді Б. Байбек.

368369370

Алматыда түлектердің 86% «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеді. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш – 51,6%.

372373

125 балл жинаған оқушылар: Маткалиева Динара Маратқызы - №12 мамандандырылған гимназия, Мейрханова Аружан Ерланқызы, Оспанова Рамзия Рамазанқызы - №159 гимназия, Мазамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы - №169 мектеп-лицей, Мұхамедқали Еркежан Дүйсенқызы - № 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы, Түгелбай Фариза Абайқызы - № 178 лицей.

376377

365374364363359

360356357380378383379384382

Фестиваль барысында түсірілген басқа да фотосуреттерді мына сілтемеден көруге болады.

Нұрбақыт ХАЛИ "7"

Похожие материалы