Экономика
Абай болыңыздар! Банкомат арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі шықты
Украинада банкоматты пайдалануда CashTrapping (қолма-қол ақшаны алу) деп аталатын жаңа алаяқтық түрі пайда болды. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында ПУМБ банкінің кибершабуылмен күрес бөлімінің басшысы Александр Третьяк хабарлады.
Оның сөзінше, кез-келген адам бұл алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін. Қылмыскерлер банкоматтың ақша беретін бөліміне бір түстегі тақтайша жапсырып қояды. Тақтайшаның астыңғы жағында екі жағынан жапсырылатын таспа ілінеді. Ақша шыққан бойда таспаға жабысып қалады. Клиент ақша шықпады деп ойлап, банкке хабарласуға кетеді. Мұны сырттай бақылап тұрған алаяқ тақтайшаны алып, өзге біреудің ақшасына ие болады.
Маманның айтуынша, банкомат пайдаланғанда карта қабылдағышқа ғана емес, ақша беретін бөлімге де қарау керек. Егер ол күдік тудырса, бірден банкке хабарласқан жөн. Егер банкомат ақша бермесе, алдымен банкоматты мұқият қарап, болғандай жағдай туралы банкке жеткізу керек.