Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Адамзат тарихындағы ең бай 10 адам

Адамзат тарихындағы ең бай 10 адам

Адамзат тарихындағы ең бай адамдар кімдер? Олардың қаражаты қанша болды? Қай кезеңде өмір сүрді?  7kun.kz назарларыңызға Time журналының адамзат тарихындағы ең бай 10 тұлға туралы деректерін ұсынады. 

Манса Муса

Өмір сүрген жылдары: 1280-1337 ж.

Мемлекеті: Мали

Манса Муса

Манса Мусаны көпшілік зерттеушілер адамзат тарихындағы ең бай адам деп санайды. Феррум университетінің профессоры Ричард Смиттің болжамы бойынша, батыс-африка корольдігі Муса билік еткен жылдары әлемдегі ең ірі алтын өндіруші ел болған-мыс. Алайда, Мусаның иелігінде нақты қанша қаржы болғандығын ешкім дөп басып айта алмайды.

Октавиан Август

Өмір сүрген жылдары: б.з.д. 60 ж. – б.з. 14 ж.

Мемлекеті: Рим империясы

Байлығы: 4,6 триллион АҚШ доллары

Октавиан Август

Стэмфорд университетінің тарихшысы Яна Морристің ойынша, Октавиан Август еліне билік жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар, ол басқарған елдің әлемдік өндірістегі еншісі 25-30%-ды құраған. Мемлекеттік экономиканың бесінші бөлігіндей байлыққа иелік еткен делінеді. Ол шамамен 4,6 триллион АҚШ долларына тең.

Қытай императоры Шэн-цзун

Өмір сүрген жылдары: 1048-1085 жж.

Мемлекеті: Қытай

Байлығы: ол басқарған империяның қаржылық жағдайы әлемдік ЖІӨ-нің 25-30%-на теңгерілген.

Қытай императоры Шэн-цзун

Қытай экономика тарихын және Сун империясын зерттеуші Тамкан университетінің профессоры Рональд Эдвардстың ойынша импарияның ең гүлденген шағында оның байлығы әлемдік өндірістің 25-30%-ына жете қабыл болған-мыс.

Акбар

Өмір сүрген жылдары: 1542-1605 ж.

Мемлекеті: Үндістан

Байлығы: Ол басқарған империяның қаржылық жағдайы әлемдік ЖІӨ-нің 25%-на теңгерілуде.

Акбар

Акбар үнділердің Ұлы Могол империясының ұлы басқарушысы болды. Ол басқарған империяның әлеуеті әлемдік өндірістің төрттен бір бөлігіне сәйкестендіріледі. Экономика тарихын зерттеуші Ангус Меддисонның ойынша, Акбар билік жүргізген империяның ЖІӨ элизаветталар басқарған Агшияның ЖІӨ-не қарайлас болған.

Иосиф Сталин

Өмір сүрген жылдары: 1878-1953 ж.

Мемлекеті: КСРО

Байлығы: әлемдік ЖІӨ-нің 25%-ын құраған елге толыққанды иелік еткен.

Иосиф Сталин

Әлемдік серіктестік және даму ұйымының 1950 жылғы, яғни Сталин өліміне дейінгі 3 бұрын жүргізген есебі бойынша, КСРО әлемдік ЖІӨ-нің 9,6%-на теңгерілген байлыққа ие болған. 2014 жылмен салыстырғанда бұл 7,6 триллион АҚШ долларына тең болар еді.

Эндрю Карнеги

Өмір сүрген жылдары: 1835-1919 ж.

Мемлекеті: АҚШ

Байлығы: 372 миллиард АҚШ доллары.

Эндрю Карнеги

Рокфеллердің байлығы баспасөз-мәслихаттарында үнемі қызу талқыланатын. Алайда, АҚШ тарихындағы ең бай адам ол – Карнеги болуы мүмкін. 1901 жылы бұл шотландтық азамат өзінің U.S. Steel компаниясын Джон Морганға 480 миллион АҚШ долларына сатқан болатын. Бүгінгі күні Карнеги байлығы шамамен АҚШ-тің ЖІӨ-нің 2,1%-ын құрайды. 2014 жылы Карнеги байлығы 372 миллиард АҚШ долларына теңестірілетін еді.

Джон Дэвисон Рокфеллер

Өмір сүрген жылдары: 1839–1937 ж.

Мемлекеті: АҚШ

Байлығы: 341 миллиард АҚШ доллары

Рокфеллер қаржысын мұнай өндірісіне 1863 жылдан бастап сала бастады. 1980 жылы оның Standard Oil компаниясы АҚШ мұнай өндірісінің 90%-ын бақылауында ұстады.

Джон Дэвисон Рокфеллер

Нью-Йорктық TIMES газеті жариялағандай Рокфеллердің байлығы 1,5 миллиард АҚШ долларына бағаланған. Бұл цифрлар 1918 жылғы салық декларациясына негізделген. MeasuringWorth компаниясының мәліметінше, оның байлығы сол жылдары АҚШ ЖІӨ-нің 2%-на теңгерілген.

Алан Руфус

Өмір сүрген жылдары: 1040–1093 жж.

Мемлекеті: Англия

Байлығы: 194 миллиард АҚШ доллары

«Байлардың байы» атты кітаптың авторлары Филип Бересфорд пен Билл Рубинстайннің айтулары бойынша, қайтыс болардың алдында Руфустің 11 мың фунт стерлингі болған-мыс, ол Англияның жалпы ұлттық табысының 7%-на тең келеді. Бұл 2014 жылғы доллар курсы бойынша, 194 миллиард АҚШ долларына тең.

Алан Руфус

Билл Гейтс

Өмір сүрген жылдары: 1955-жылдан бастап.

Мемлекеті: АҚШ

Байлығы: 78,9 миллиард АҚШ доллары.

Билл Гейтс

Forbes журналының рейтингі бойынша Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің байлығы салық төлемдерінен бөлек 78,9 миллиард долларды құрап отыр. Бұл Zara компаниясының негізін қалаушы Амансио Ортегидің байлығынан 8 миллиардқа көп.

Шынғыс хан

Өмір сүрген жылдары: 1162-1227-жылдар.

Мемлекеті: Моңғол империясы.

Байлығы: Әлемнің тең жартысы.

Шыңғыс хан - тарихтағы аса табысты әскери қолбасшылардың бірі де бірегейі. Тарихта Қытайдан Еуропаға дейінгі аумақты алып жатқан Моңғол империясын басқарған хан ретінде қалды. Алайда осынша алып империяны басқара отырып, Шыңғыс хан ешқандай байлық жинамаған. Осыншама беделді болуы жомарттығына байланысты болса керек.

"Шыңғыс ханның әскери жорықтарда табысқа жетуі - олжасын жорық жауынгерлерімен, әскербасылармен теңдей бөлісуінде" - дейді Нью-Йорк қалалық университетінің профессоры Моррис Россаби.

Шынғыс хан

Похожие материалы