Қасымға көршісі саяжайының бір бөлігін заңсыз иелендің деген талаппен арыз түсірді. Ол адвокаттар коллегиясына барып, кеңес ұсынған қорғаушыны таңдайды. Келісім-шартқа қол қойып, алдын-ала аванс төлейді. Бірақ ол адвокаты сотқа келмей, көршісі істі жеңіп алды. Кейінірек анықталғандай ол ешқандай адвокат емес заң факультетінің студенті ғана екен. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар жиі болады. 7күн оқырмандары үшін адвокатпен жұмыс істеу туралы арнайы кеңестер ұсынамыз.
Ең алдымен есте сақтау керек нәрсе:
Әрбір адвокат - заңгер, бірақ әрбір заңгер адвокат емес
Заңгер дегеніміз кім?
Заңгер ретінде жоғарғы оқу орнын бітірген немесе арнайы орта білім алған кез келген адамды тіпті студентті айтуға болады. Былайша айтқанда, ол - "том-том кітапта жазылған заңдарды түсінетін" адам.
Заңгер сізге құжаттармен жұмыс істеуге яғни келісім-шарт құрастырып, басқа келісімді бағалауға, тауар белгісін тіркеу үшін өтініш рәсімдеуге, фирма немесе ЖК тіркеуге, компанияңыздың жарғысы үшін жаңа мәтін жазу үшін өтініш қағазын толтыруға көмектеседі. Сондай-ақ заң бойынша міндеттеріңіз бен құқықтарыңызды түсіндіріп, соттағы өкіліңіз болып, сізбен бірге келіссөздерге барады.
Егер заңгер заң фирмасында жұмыс істесе, оның жұмыс сапасын басшысы тексереді. Егер ол өзі үшін жұмыс істесе, ешкім бақыламайды. Ол қабылдаған шешімдердің қаншалықты дұрыс екендігіне де ешкім жауап бермейді. Заңгердің деңгейі терминдердің айырмашылығын білмейтіндей дәрежеде болса, тек сотта анықталады. Бірақ бұл тым кеш.
Ал адвокат деген кім?
Адвокат - қосымша жауапкершілігі бар заңгер. Ол міндетті түрде мемлекеттік аккредитациясы бар ЖОО-дан заңгер мамандығы бойынша білім алуы керек. Орта арнаулы білімі бар азаматтар адвокат бола алмайды.
ЖОО дипломының шынайылығын ҚР Әділет министрлігі тексереді. Әрине, "классикалық жағдай" бойынша, адвокат жоғары білім туралы дипломды сатып алуы мүмкін, бірақ ол бос ақша деуге болады. Әділет министрлігі бәрібір оның шынайылығын тексереді.
Адвокаттық статус алғанға дейін ол мамандығы бойынша кем дегенде 2 жыл жұмыс істеп, бір жыл заңгерлік фирмадан тәжірибеден өтуі тиіс. Сот, заң және атқарушы билік органдарының қызметкерлері тексеретін күрделі емтиханнан өтуі міндетті.
Адвокат статусымен қоса оған арнай төлқұжат қоса беріледі. Ол төмендегідей заңдарға бағынады:
- Қазақстан Республикасының "Адвокаттық әрекеті туралы заңға"
- Адвокаттардың кәсіби этикасының Кодексіне
- Адвокат әрекеттерінің негізгі принциптерінің Хартиясына
Егер адвокат заңгерлік көмек көрсету кезінде өзінің міндетін бұзса, адвокаттар алқасына шағым жасай аласыздар. Оған ескерту айтуы, сөгіс жариялауы немесе статусынан айыруы мүмкін.
Дегенмен, адвокат төлқұжаты сіздің алдыңызда кәсіби қызметкер тұр деген кепілдік бермейді. Ол сіздің мәселеңізді шеше алмауы, қиын жағдайдан шыға алмауы немесе мінезі нашар болуы мүмкін. ЖОО мен төлқұжатынан бөлек бұл қасиеттердің болмауы да өте маңызды. Адвокат - тірі адам, оның да қателесуі мүмкін.
Адвокат қай кезде қажет?
Адвокаттың міндеті - адамның құқығы мен мүддесін қорғау. Егер сізді қылмыс жасады деп тұтқындаса, сіздің міндетті түрде адвокатыңыз болу қажет. Адвокатты төмендегі жағдайда жалдауға болады:
- Сот ісін жеңіп алу үшін,
- Жол ережесі үшін салынған айыппұлды қайта өндіру үшін,
- Сізге салық төлеуде кеткен қателікті реттеу үшін,
- Мұрагерлікке қатысты консультация алу үшін,
- Сіз жеңген іс бойынша ақшаңызды өндіріп бере алмаған сот орындаушысына шағым жазу үшін,
- Сақтандыру компаниясы немесе банкке шағым жазу үшін.
Адвокат заңгер тәрізді кез келген заңға қатысты сұраққа жауап береді.
Адвокат сауалхаты
Адвокаттың суперқабілеті бар: адвокат сауалхаты. Ол заңмен қорғалған, банктік, медициналық және мемлекеттік құпиялардан басқа қажетті кез келген ақпаратты сұрата алады. Және заң бойынша оған жауап беруі керек.
Бұл сіз үшін де өте маңызды. Сіз қажетті ақпаратты қайдан алу керектігін білесіз, бірақ оны ешкім бермейді. Айталық, "А" компаниясы тұрғын үй кешеніне жаңа есік сатып аламыз деп қаржы алады, бірақ шын мәнінде оның орнына ескі есік қояды. Сіз мұны білгеніңізбен, компания шындықты ешкімге айтпайды. Осы жағдайда адвокат есік жасаушы фирмадан қажетті ақпаратты сұрата алады. Ал заңгердің ондай қабілеті жоқ.Адвокатқа еңбегін қалай төлеу қажет?
Адвокат қызметін пайдаланғанда, оған сіздің мүддеңізді пайдаланғаны үшін ақша төлейсіз. Ол құжаттарды дайындап, сотта мәлімдеме жасап, мемлекеттік органдармен байланысады.
Егер адвокат сот ісін шешуге көмектессе, оның шығындарын ұтылған жақтан өндіруге болады. Ол үшін құжаттарды дұрыс толтыру қажет. Егер сот бейбіт бітіммен аяқталса, екі жақ адвокат қызметін кім төлейтіндігін өздері шешеді. Сот болмаса, адвокат шығындарын сізден басқа ешкім бермейді.
Адвокатқа банк картаңыздың номерін және қауіпсіздік кодын айту қажет емес. Жалпы бұл ақпаратты ешкімге айтпау керек. Сондай-ақ түп нағашыңыздың батыр болғанын немесе руыңыздың шежіресін баяндаудың қажеті жоқ.
Басқа жағдайларда адвокат - сіздің заң бойынша "дәрігеріңіз". Барынша тиімді жұмыс істеу үшін адвокат сізден максимум ақпарат алу керек. Іске қатыстының барлығын оған айту қажет. Маңызды емес тіпті ұят деген детальдің барлығы оған баяндалуы тиіс. Егер бірінші кездесуде назардан тыс қалдырған болсаңыз, екінші рет хабарласып, кездесіп, барлық шындықты айтыңыз. Ол - өзіңізге көмек.
Адвокатты алдаудың немесе одан ақпаратты жасырудың қажет жоқ. Қажет емес жағдайда ашылып, іс бойынша барлық стратегияны бұзуы мүмкін. Адвокатпен ашық әңгімелесу - табыстың кілті.
Адвокаттың кәсіби этикасы Кодексінде жазылғандай, қорғаушы адвокаттық құпияны сақтау қажет. Яғни сіз шын мәнінде қылмыс жасадыңыз, ал адвокат сізді сотта қорғап шықты. Кодекс бойынша оның шындықты айтып, сізді ұстап беруге құқығы жоқ. Егер байқаусызда құпия жарияланып кетсе, оның үстінен шағым жасап, адвокат статусынан айыруға болады. Моральдық тұрғыдан дұрыс болмауы да мүмкін, бірақ осындай да мүмкіндік бар.
Адвокатқа қай кезде хабарласу керек?
Адвокатқа бірден хабарласу керек. Поштаңызға сіздің үстіңізден іс қарайтыны туралы хат келсе, тергеуші хабарласса немесе көршіңізбен соттаспақшы болсаңыз - бірінші кезекті адвокатқа хабарласаңыз. Қорғаушымен неғұрлым тез байланыссаңыз, оның істі дайындауға да уақыты көп болады.
Адвокат неге кепілдік береді?
Адвокат істің нәтижесіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді. Олай болмауы да керек.
Ол сіздің айыппұлыңызды реттейтініне, ақтап шығатынына немесе пайдаңызға шешетіндігіне кепілдік бере алмайды. Көмектеседі, бірақ кепілдік берілмейді.
Егер адвокат жүз пайыздық уәде беремін десе алдыңызда жемқор не алаяқ тұр. Прокуратурада көкесі болса да, ол ешнәрсеге кепілдік бермейді.
Адвокатты қалай табу керек?
Жеке жұмыс істейтін қорғаушылар болады және олар контораларға бірігеді.
Мемлекеттік адвокаттар болмайды. Арнайы жағдайда азаматтарға тегін қызмет істейтін қорғаушылар болады, олардың жұмысын мемлекеттік және муниципалдық органдар төлейді. Егер сіз жұмыс істегіңіз келген адвокат тегін көмек көрсетпейтін болса, оған ақша төлеу керек немесе басқасын іздеуге тура келеді.
Адвокат іздеу кезінде достарыңыздың, таныстарыңыз бен туыстарыңыздан кеңес сұрап көріңіз. Форумдардан, адвокаттар сайттары мен арнайы порталдардан пайдалы ақпарат табуға болады. Әдетте өз сайттарында адвокаттар және адвокаттық кеңселер мақалалары мен жазбаша кеңестерін жариялап отырады. Олар сұрақтарға жауап беретін форумнан табылады.
Жұмыс орныңыздан немесе үйіңізден өте алыста орналасқан адвокат кеңсесін таңдамауға да кеңес береміз. Жұмыстан кейін қаланың жартысын кесіп өтіп, уақытыңызды текке құртасыз, адвокат кеңсесіне өте жиі баруға тура келеді.
Адвокатқа өз стоматологыңызға сенгендей сеніңіз, екеуінің де қызметі қымбат, тиісінше сапасына айтарлықтай мән беру керек.
Көбінде тек заңгерлер өздерін "адвокат" ретінде таныстырып, клиенттен көбірек қаржы алуға тырысады. Тіпті кейде адвокат кеңселерінің өздері ақша үнемдеу үшін заңгерлер жалдайды. Сондықтан үнемі тексеру қажет. Адвокаттан төлқұжатын көрсетуді сұраңыз. Мамандардың сөзінше, оны үйде қалдырып кету деген жағдай кәсіпқойларда кездеспеуі тиіс. Дүкенге барса да, сапарға шықса да қалталарында жүруі керек.
Адвокаттың аймағыңыздағы адвокаттар палатасы реестрінде тіркелгендігін тексеріп көріңіз. Тізімде болмаса жергілікті адвокат алқасына хабарласып, қорғаушыңыздың берген мәліметтерін қараңыз. Реестр жылына бірнеше рет тексерілуі керек. Тағы бір мүмкіндік. Қандай мекемеде жұмыс істейтіндігін сұрап, құжаттарын көрсетуді сұрауға болады.
P. S. "Адвокат талап етемін" деп айту керек пе?
Фильмдердегі ең танымал фраза болғанымен өмірде де ол айтылуы керек. Егер сізді қандай бір істе күдікті деп тауып, қамауға алса сіздің ешкімге ешнәрсе айтпауға құқығыңыз бар. Жаныңызда адвокат болуы керек.
Ол сіздің құқықтарыңыз туралы түсіндіріп, дұрыс позиция таңдауға көмектеседі. Бастысы адвокат келгенше артық ештеңе айтудың қажеті жоқ.