Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аида Айдарқұлова: Грантқа өтініш берген әр адамда қоғамды өзгерту туралы түсінік болу қажет

Аида Айдарқұлова: Грантқа өтініш берген әр адамда қоғамды өзгерту туралы түсінік болу қажет

Сорос-Қазақстан қоры - 1995 жылы құрылған дербес қазақстандық қор. 2015 жылы 20 жылдығын атап өттi. 20 жылдан астам елімізде табысты жұмыс істеп келген қордың жалпы бағыты, талаптары және биыл басталған "Ашық экономика" бағдарламасы туралы 7kun-ге қордың бағдарламалар директоры Аида Айдарқұлова әңгімелеп берген еді. 

Қордың басты бағыттары туралы

Қордың жұмыс істеп отырған негізгі 4 бағдарламасы бар. Басқа да әріптестерімізбен бірге «Public policy», «Баршаға ашық қоғам» және «Ашық экономика» атты бастамаларды жүзеге асырамыз. Осы жылы "Ашық экономика" және "Адам құқықтары" жобаларымен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.

Біз әрдайым икемді болуға тырысамыз, заман талабы күннен-күнге өзгеріп жатыр. Қоғамда жаңа сұраныс пайда болған сайын, біздің оны жылдам қабылдап, бейімделіп үлгеруіміз керек. Осыған сай бізде 3 жылдан астам уақыт бойы «fellowship» деп аталатын қолдаудың жаңа түрі пайда болды. Оны стипендиялдық жобалар деп аударып жүрміз. Бірақ негізгі мағынасы - белгілі бір бағыттар бойынша жекелеген тұлғаларды қолдау және біліктілігін арттыру.

Қолдауға ие болатын жоба қандай болуы керек?

Жобаға дейтін ең басты талабымыз ұсыным беріп отырған азамат немесе ұйым қандай өзгерістер әкелетіндігін тиянақтап, жоба түрінде бере білуі керек. Әр адамда қоғамды өзгерту туралы түсінік болуы қажет. Және, әрине, жоғарыда айтып кеткен бағыттардың аясына сай болуы керек. Негізгі талаптарымыз осындай.

Грант бөлу туралы шешім қалай қабылданады? Өтініштерді қарастыру бізде өте қатаң.  Қорымызда жұмыс істейтін әріптестеріміздің ешқайсысы да шешім шығару үрдісіне қатыса алмайды. Біз одан алыстатылғанбыз. Ең жоғарғы шешім қабылдаушы орган Қамқоршылар кеңесі деп аталады. Оның мүшелерін біздің сайттан көре аласыздар. Олар - елімізге танымал, әр түрлі салада жұмыс істеп жүрген тұлғалар. Бұл құрам үнемі өзгеріп тұрады. Одан төмен қарай 7 түрлі бағыт бойынша сарапшылар комитеттері құрылған. Әр комитет кем дегенде үш адамнан тұрады. Сырттан келетін ықпалды азайту үшін біз ол кісілердің атын жарияламаймыз.

Қордың жаңа жобалары туралы

Қазір біздің қорда жаңаша форматта жұмыс істеп жатқан 3 түрлі жоба бар. Біріншісі –  адам құқықтары саласындағы «Құқық қорғаушылардың жаңа буынын қалыптастыру». 2014-2015 жылдары бұл жоба орыс тілінде жүзеге асса, 2016 жылдан бастап  қазақ тілін жақсы меңгерген, қазақ тілінде коммуникацияға түсе алатын құқық қорғаушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бел будық. Сондықтан осы мектеп енді қазақ тілінде жұмыс істейді.

IМedia деп аталатын үлкен жобаны Қазақстан баспасөз клубымен бірге бірлесіп жүзеге асырып отырмыз. Бұл жобаны да фэллоушип яғни степендиялық жоба ретінде қарастыруға болады. Бағдарлама сарапшылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған.

2016 жылдың екінші жартысында «Ашық экономика» деген жаңа бастаманы қолға алдық. Осы бастама аясында үлкен пікірталастар алаңын жасап, «Ашық экономика форумы» деп аталатын халықаралық форум ұйымдастырсақ дейміз. Қазақстанда түрлі сарапшылар мен кеңесшілерді жинап, қазіргі қиыншылықтар мен дағдарыстарды жеңудің жоладарын іздесек деген мақсатымыз бар.

Кезінде Майра Мұхамедқызы біздің қордан грант ұтып алып, Франциядағы үлкен сайыстан бірінші орын алып келген еді. Тіпті «Перекресток» деген қазақстандық сериалды түсіруге де біздің қордан грант алынған. Қарап тұрсаңыз, біз қоғамның барлық дерлік салаларына қолдау көрсетіп келеміз.

Мемлекетпен жұмыс туралы

Мемлекетпен бірге жүзеге асырған жобалар көп. Ауыз толтырып айтатын Ювеналдық юстиция жобасы – кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әділет жүйесі. Ересектер мен балалардың псхихологиялық ойлау деңгейлерінің әртүрлілігіне байланысты, оларға арналған әділет жүйесінде де өзіндік ерекшеліктері болуы керек. Осыған байланысты 1998 жылдары біз ювеналдық юстиция жөніндегі дискуссияларды бастаған едік. Басында бұл пилоттық жоба ретінде жүзеге асты. Ал кейіннен Қазақстан үкіметі ювеналдық сот құру туралы шешім қабылдады. Осының нәтижесін ескере отырып, басқа да мамандандырылған соттар құрылды. Мысалы, Әкімшілік соттар, экономикалық соттар т.б. Яғни соттарды мамандандыру үдерісі осы ювеналдық юстициядан бастау алды деп айта аламыз.

«Азаматтық бюждет» туралы бастама да біздің қор арқылы көтерілді. Азаматтық бюджет дегеніміз  - баршаға түсінікті бюджет. Себебі қарапайым адамдардың көзімен қарасақ, бюджет деген сандар, мен цифрлар. Бірақ бұл әрқайсымыздың салық төлеуші ретіндегі қаржымыз болғандықтан, кез келген қазақстандық бюджетті алып, ненің қайда  кетіп жатқандығын  қарауға құқылымыз деп ойлаймын. Сондықтан қарапайым азаматтарға түсінікті бюджет жасай білу керек.  Кезінде осы жобаның әсерінен қаржы министрлігі барлық мемлекеттік органдардың веб-сайттарында болу керек деген шешім шығарған еді.

20 жыл ішінде қазақстандықтардың әлеуетін немесе тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған жобаларымыз көп болды. Мысалы, «Паллиативтік көмек» жобасы - өмірінің ақырғы күндерін өткізіп жатқан адамдарға көмек көрсету. Бұл психологиялық немесе медициналық көмек болуы мүмкін. Айта кету керек, қазір жаңадан құрылған Денсаулық сақтау министрлігі таблетка түрінде шығарылатын морфинді қолдануға рұқсатын берді.

Көптеген мемлекеттерде бұл жабық мәселе, себебі морфин есірткілік зат болып есептеледі. Ал есірткі заттардың қолданысын шектеу керек.  Сондықтан  ауыр халде жатқан адамдардың ауруын жеңілдететін дәрі-дәрмектердің айналымы Қазақстанда өте қатты шектелген. Біз бірнеше жыл бойы осы мәселені талмастан көтеріп, көптеген депутаттармен кездесіп, түсіндіріп, нәтижеге жеттік. Бірақ бұл мәселе қолға алынғанымен, әлі де толық қолданысқа енген жоқ. Бір қунатынымыз тым болмағанда осы категориядағы адамдардың өмірін өзгерттік.

Бұл қадамдардың барлығы қоғамның ең осал топтарын экономикалық реформалардан тыс қалдырмай, солардың мүдделерін ескеруге бағытталған. Қандай-да бір шешім қабылданар кезде жалпы қазақстандықтардың пікірі еленуі керек деп есептейміз.

Біздің қорда 7 түрлі бағыт айқындалған: 4 бағдарлама және 3 түрлі бастамамыз бар. Атап айтар болсақ, «Адам құқықтары» бағдарламасы, «Ашықтық және есептілік» бағдарламасы, медиалық және «Жаңа азаматтық бастамалар» деп аталатын жаңа бағдарлама пайда болды және 3 бастама бар: Біріншісі «Public policy» немесе оны қоғамдық саясат деп аударып жүрміз, екіншісі  – «Баршаға ашық қоғам» бастамасы және жаңадан пайда болған  «Ашық экономика» бастамасы.

Похожие материалы