"ҚР мемлекеттік сатып алу бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының қабылдануы "Әуе тасымалын қолдану туралы" заңға әсерін тигізуде. Осыған байланысты Air Astana және басқа да қазақстандық әуе компаниялары шетелге ұшуын тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы kapital.kz хабарлайды.
Енді шетелдік компаниялар қазақстандық әуе тасымалы акцияларының бақылау пакеттерін өздеріне тартуы мүмкін. Бұдан бұрын отандық заңнамаға сәйкес шетелдіктердің құнды қағаздарының нормасы 49% болған. Мысалы Аустралияда да осы үлес болды. Ал Бразилияда акционердің дауыс беру құқығы - 20%, Канада – 25%, Қытай – 35%.Air Astana әуе компаниясының вице-президенті Айдар Қашқарбаевтың айтуынша, Қазақстан үкіметаралық 44 келісімге қол қойған. Енді шетелдіктердің қатысу үлесі көбейген соң қазақстандық әуетасымалдаушылар акцияларының жартысы шетелдіктердің жеке меншігіне өтуі мүмкін.
«Нұрлы жол" бағдарламасының 67- бөлімінде Нью-Йорк, Токио, Сингапур тәрізді ірі қаржы орталықтарының рейстерін де орындай алатын компания ретінде дамытуды жалғастыру керектігі туралы айтылады. Бірақ заңнаманың өзгеруіне байланысты бағдарламада көрсетілген талапты орындау қиынға түседі. Біз дағдарыс болған күннің өзінде түсімі мол компания болып қала береміз. Акционерлердің қосымша қаржысына мұқтаж емеспіз және мемлекеттен де қаржы жағынан көмек сұраған жоқпыз. Қазір Орталық Азияда әуе қызметін көрсететін орталық құрылысын бастап жатырмыз. Бірақ заңнама өзгерістеріне байланысты бұл жұмыстың да жүзеге асырылуы қиын болады", - деді Айдар Қашқарбаев.