Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аймақтарда азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Аймақтарда азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Азық-түлік бағасы күн сайын өсіп келеді. Бір айға арналған отбасылық бюджетті құру қиынға соғып отыр. Дүкенге барған сайын баға өзгеріске ұшырай береді деген наразылықты әр қазақстандықтың аузынан естуге болады деп хабарлайды 31 арна. Өңірлік тілшілер бұл жөнінде не дейді?

НИНА ШАППО, тілші:
- Қазақстандықтардың қазіргі жағдай мәз емес. Бірінші кезекте қант қымбаттады. Республика бойынша бір килограмының орташа бағасы 210 теңгені құрайды. Қостанай дүкендерінен тіпті таппай қалуға болады. Себебі тұтынушылардың басым көпшілігі саналатын зейнеткерлер қымбаттайтынын сезіп, қамданған. Жұмыртқа бағасының да жағдайы сондай: бүгінде он данасы 140 теңге. Десе де, сатушылар алдағы уақытта қымбаттауы әбден мүмкін деп отыр. Қымбаттатуға себеп - теңгенің құлдырауы дейді олар.
Ақтөбе тұрғындары үшін жұмыртқа бағасының көтерілуіне доллар қымбаттады деген сылтау айтуға келмейді. Себебі, аймақта бірнеше жеке құс фабрикалары бар. Республика бойынша ең төменгі баға - 100 теңге осы жерде болған. Ал, қазіргі бағасы - 130 теңге. Ақтөбенің өзінен шығарылатын сүт өнімдері шамамен 50 теңгеге қымбаттаған - енді сүттің бір литрі 170 теңге тұрады.
Көкөніс бағасы бағам белгіленіміне тәуелсіз. Пияз бағасы шамалы ғана көтерілді. Картоп бағасы тіпті өзгермеді.
ИЛЬЯ РЫБИН, тілші:
- Павлодарда картоп бағасы бұрынғыдай - килограмы 45-50 теңге шамасында. Сәбіз бен қызылша - 30-40 теңге тұрады. Басқа аймақтармен салыстырғанда бұл баға әлдеқайда төмен. Ал, сырттан әкелінетін тауық еті болса 480 теңгеден 520 теңгеге қымбаттады. Сиыр және тауық етінің бағасы 5 пайызға өсті. Базар сатушыларының сөзі бойынша, енді келетін ірімшік екі есе қымбат бағамен келуі мүмкін.
АЛЕКСАНДРА КИМ, тілші:
- Шымкентте ірімшік бағасы көтерілгелі біраз болды. Сонымен бірге, сүт те қымбаттады - 195-240 теңге шамасында. Тауық жұмыртқасының бағасы ел бойынша осы аймақта қымбаттырақ. 10 данасын 195 теңгеге аласыз. Ет бағасы бұрынғысынша килограмы үшін 1000 теңге. Шұжық өнімдері де өзгермеді. Орташа есеппен 1300 теңгеден сатылуда. Бірақ, алдағы уақытта барлығы қымбаттайды дейді сатушылар. Жергілікті өндіріс өнімдерінің бағасы 5-30 пайыз шамасында көтерілуі мүмкін.

Похожие материалы