Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Келімбетов теңгенің қазіргі курсын қалыпты деп есептейді

Қайрат Келімбетов теңгенің қазіргі курсын қалыпты деп есептейді

Ұлттық банк төрағасы парламент жиналысы кезінде АҚШ долларына қатысты теңгенің бағамы жайлы пікірін білдірді. Бұл турлы total.kz хабарлайды.

Оның сөзінше, мұнайдың 1 баррелі 50 доллар болған кезде, Ресейдің ішкі нарығында 1 доллар 70 рубльден сатылды. Ал теңгенің бүгінгі курсы қазіргі жағдайлармен сәйкес екендігін білдіреді.

"Бұл параметрлердің кез-келгені түсуі не көтерілуі мүмкін. Біз бұл жағдайларды қалыпты санауымыз керек. Сондықтан курс еркін айналымда",- деді Қ.Келімбетов.

Еліміздің бас банкирі Ұлттық банктың нарықтағы валюта жағдайын да қадағалап отырғанын атап айтты.

"Бастапқы жүргізген саудалар шын мәнінде сауда көлемінің аз екенін көрсетеді. Біз еркін айналымда жүргенімізге 2 айдай болды. Осы уақыт аралығындағы өзгеріс теңгенің жасанды дефициті мен бағаның құбылмалылығын тудыруы мүмкін. Ұлттық банк осы жағдайлардың алдын алу мақсатында интервенция жүргізеді. Жалпы айтқанда біз нарықты бақылауға және араласуға құқығымыз бар екенін көрсетіп тұрмыз. Сонымен қатар біз жыл соңына дейін Ұлттық қор қаражаты конвертацияланса, доллар шығаруға байланысты ешқандай проблемасы болмайды деп есептейміз",- деді К.Келімбетов.

Еліміздің бас банкирі биржадағы теңге жағдайын да айтып кетті. "Бүгін таңда, меніңше, курс 273 теңге болды. Біз курс қалыпты деп есептейміз",- дейді ол.

Похожие материалы