Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Айырбастау пунктерінде доллар 368 теңгеден сатылуда

Айырбастау пунктерінде доллар 368 теңгеден сатылуда

Ұлттық валюта құны рекордтық құлдырауды жалғастыруда. 12 қаңтар күні айырбастау бөлімдерінде доллар курсы 369 теңгеге жетті. Ал валюта биржасындағы таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа курсы 362,62 теңгені құрады.

Әзірге Ұлттық банк курс деңгейін сақтап қалу мақсатында интервенция жүргізу туралы ақпарат жариялаған жоқ. Айта кетейік, бұдан бұрын реттеуші мемлекеттің қаржы жүйесіндегі тұрақтылыққа қауіп төнген жағдайда курсқа араласатыны жайлы жария еткен болатын. Алайда осы уақытқа дейін курсқа қатысты нақты жоспар анықталмады. Снимок Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында Қазақстан теңге курсын еркін айналымға жіберу туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек, Ұлттық банк осы жылдың 5 қарашасында өз резервтерін сақтап қалу үшін мемлекеттегі ішкі валюта нарығына қатыспайтыны туралы мәлімдеген еді.

Похожие материалы