Экономика
Айырбастау пункттерінің валюта бағамын өзгерту уақыты шектелді
Айырбастау пункттері кешкі 18.00-ден кейін және демалыс күндері валюта курстарын айырбастай алмайды. Ұлттық банктің ресми сайтында осындай қаулы жарияланған және бірінші ресми басылымынан кейін 21 тәулік ішінде күшіне енеді.
"Курстың бағамын өзгерту туралы қаулы тек "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамдастығының жұмыс күндері 08:00 және 18:00 аралығында жергілікті уақыт бойынша жүзеге асырылады", - делінген ресми құжатта.
Аталған құжат бойынша, сатып алу бағамын ауыстыру, қолма-қол шетелдік валютаны айырбастау жаңа қаулының негізінде жүзеге асырылады. Жаңа өзгеріс күшіне енгеннен кейін осыған дейінгі қаулының өкілеті жойылады.
Сондай-ақ, белгілі бір уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің басқа айырбастау пункті орналасқан ғимаратта тұруына рұқсат берілмейді.
Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктін орналастыратын тұрғылықты орны, пункт қызметін жүзеге асыратын құрылғы және айырбастау пунктінің персоналы болуы қажет.