Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Альфа-Банк" АҚ туралы

"Альфа-Банк" АҚ туралы

«Альфа-Банк» ЕБ АҚ - ресейлік «Альфа-Банк» АҚ-ның еншілес банкі. Ресей, Украина, Беларусия және Нидерландияға ұсынылған «Альфа-Банк» халықаралық банктік тобына кіреді.

Активі: 315 139 673

Жарғылық капитал: 5 506 185

Басқарма төрағасы: Данила Смирнов

Альфа-Банк 1994 жылдан бастап Қазақстанда бірінші ресей банкі болып жұмыс істейді. 8 сәуір 2016 жылы Fitch Ratings халықаралық рейтинг агентігі шет ел валютасында «Альфа-Банк» ЕБ АҚ ұзақ мерзімді Эмитенттің дефолт рейтингін («ЭДР») берді, «Тұрақты» болжам «B+» деңгейінде иеленді, шет ел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР «B» деңгейінде берілді, ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР «Тұрақты» болжам «B+» деңгейінде берілді. Сондай-ақ ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтинг «Тұрақты» болжам, «BBB(kaz)» деңгейінде берілді.

2016 жылдың 2 ақпанында Standard&Poor's несие рейтингі қызметі «Альфа-Банк» ЕБ АҚ рейтингтік бағалаудың жыл сайынғы үрдісіне сәйкес, B+ деңгейіндегі компанияның несие рейтингісін растады.

2013 жылы Альфа-Банк беделді британдық Global Banking and Finance Review интернет-баспасымен «2013 жылғы Қазақстанның ең жақсы коммерциялық банкі» деп танылды және «Бизнес Гран-При «№ 1 жыл таңдауы: «Жоғары ақпараттық қорғаныс банкі — 2013» номинациясында «Қазақстандағы жыл таңдауы» сыйлығын алды.

Банктің бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан, банктің филиалдық желілері Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Орал, Семей, Өскемен қалаларында бар, өкілділік Көкшетау, Қостанай, Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Екібастұз қаласында банк филиалы жұмыс істейді. Альфа-Банк әмбебап қаржы институты болып табылады және барлық банктік қызметтердің түрлерін көрсетеді, корпоративті клиенттерді қаржыландыру мен орта бизнес және кіші субъектілерді, сондай-ақ жеке тұлғаларды несиелендіруді жүзеге асырады.

Банк рейтингі:

Standard & Poor’s: B+ Жағымсыз (2016 жылдың 29 қаңтар)

Fitch Ratings: B+ Тұрақты (2016 жылдың 08 сәуірі)

Похожие материалы