Экономика
Выбор редактора
Alibaba топ-менеджері жемқорлыққа айыпталып отыр
Alibaba Pictures-дің атқарушы директорын жемқорлыққа айыптап отыр деп жазады «Вести Экономика».
Қоғамдық қауіпсіздікпен күрес бюросы Alibaba Group вице-президенті және Alibaba Group-тың бөлімшесі OSTV-ның бас менеджері Патрик Лю Чаннигті қамауға алды. Ведомство оны инвестициялық Tencent Holdings холдингінде жұмысы кезінде пара алды деп айыптап отыр.
"Біз Лю Чаннингтің Tencent Holdings-тегі қызметі кезінде пара алды деп айыпталып, полицияның қамауға алғанын түсінеміз. Бұл жаңалық біз үшін үлкен шок болды. Біз Tencent-тің жемқорлықпен күрес шараларын қолдаймыз", -делінген Alibaba хабарламасында.
Компания мәлімдемесінде, Alibaba-ның билікпен серіктесетіндігі және Людың отбасына заңды көмек беретіндігі де атап өтілген. БАҚ-тың хабарлауынша, Лю Қытай полициясы жемқорлыққа айыптап отырған Tencent-тің 6 қызметкерінің бірі болып табылады.
Ол бұрын Tencent Video-ны басқарды. Екі жыл бұрын билікті өзгеріс болған соң, бөлімнің басқа қызметкерлерімен бірге кеткен.