Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарады

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарады

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Президент жарлығымен Алик Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

Алик Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Шпекбаев өзінің еңбек жолын Алматы облысы бойынша Каменка ауылында слесарь болып бастаған. Қаскелең аудандық ІІБ Каменка ауылдық милиция бөлімінің бастығы, Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы қызметтерін атқарған. 2003-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі болды. 

2014-2015 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылдан бері агенттіктің төрағасы болды. 

Похожие материалы