Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алкоголь өнімдері азая түседі

Алкоголь өнімдері азая түседі

Алкоголь өнімдерін өндірушілер бағыттарын өзгертіп, тауарлар желісінде алкогольсіз сусындарға көбірек орын беріп жатыр. Бұл туралы "ҚазАлко" ассоциациясының президенті Әміржан Қалиев мәлімдеді.

"Қазақстанда алкогольді сусындарды тұтынудың төмендеп жатқанын ескерсек, біздің спирт және арақ-шарап шығаратын кәсіпорындарымыз бизнестерін әртараптандырып жатыр. Қазіргі таңда көптеген біздің кәсіпорындар алкогольді ішімдіктермен қатар алкогольсіз сусындарды да өндіретін болды. Мысалы шырындар, су және тағы басқалар",- деді Ә. Қалиев. Оның айтуынша, астық өндірумен айналысатын, нан-тоқаш, ет және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорын бар. "Біз ары қарай өнімнің түрлерін көбейтуге дайынбыз",- деді ол. Алайда Қалиев бұл шығар жол емес екенін, алкогольді ішімдіктерге сұраныс бар кезде, тауар сырттан кіргізіліп отыратынын атап өтті. "Яғни, біз шетелдік экономиканы, бюджетті, жұмыс орындары мен өндірістік қуатты қолдаймыз",- деді "ҚазАлко" ассоциациясының президенті. Осыған дейін 7kun.kz спирт акциздерінің өсуі алкоголь өндірісін қысқаруға алып келетінін хабарлаған еді.

Похожие материалы