Экономика
Алматы қаласы төлеген салық көлемі Қазақстанның 10 облысының көрсеткішіне тең
Қазақстанның 10 облысының жарты жылда мемлекеттік бюджетке төлеген салығы бір Алматының көрсеткішіне тең. Оңтүстік астана мемлекет қазынасын 574,4 млрд теңгеге толтырған. Бұл туралы мемлекеттік табыс комитетінің мәліметіне сілтеме жасап LS хабарлайды.
2015 жылдың бірінші жарты жылдығында төленген салық көрсеткіші бойынша екінші орында Астана тұр. Елорда Алматыға қарағанда 2 есе аз яғни 288 млрд теңге төлеген. Үшінші орындағы Атырау облысынан түскен салық 165 млрд теңгені құрайды.
Қазақстанның өзге 10 облысының донорлық төлемдері (Атырау, Маңғыстау, Алматы және Қарағанды облыстарын есептемегенде) 579,8 млрд теңге болған. Мемлекеттік бюджетке ең аз салық құйғандар - Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары.