Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысының Шелек ауылында қытай капиталының қатысуымен жел электр стансасы зауыты салынады

Алматы облысының Шелек ауылында қытай капиталының қатысуымен жел электр стансасы зауыты салынады

Қытай мен Қазақстанның Даму банктері Алматы облысының Шелек ауылында жел энергетикалық құрылғысын өндіру бойынша зауыт құрылысына 120 млн. доллар көлемінде несие желісін ашады.

Тиісінше құжатқа бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында "Самұрық-Энерго" АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев және Қытай Мемлекеттік даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы Ху Хуайбан қол қойды. Аталған құжат Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында 60 МВт-тық жел энергетикасы құрылғысын өндіру бойынша зауыт құрылысы жобасын қаржыландыру тетіктерін регламенттейді. Құрылғы қуаты алдағы уақытта 300 МВТ-қа дейін арттырылатын болады. Зауыт құрылысын «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы «Энергия Жетісу»   ЖШС жүзеге асырады. Қаржының 85 млн. долларын Қытайдың Мемлекеттік даму банкі, ал 35 млн. долларын Қазақстанның даму банкі 15 жыл мерзімге несие ретінде бөледі. Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығымен құрылған. Холдингті құрудағы мақсат  экономиканы дамыту және әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестиция тарту. Холдингтің құрамына: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ, «Қазэкспортгарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Ипотекалық несиелерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджменті» АҚ, «Бәйтерек девелопмент»АҚ, «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын қолдау орталығы» ЖШС кіреді. Холдинг осы компаниялардың мемлекеттік акциялар топтамасын иеленуге және пайдалануға құқылы. Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні Елбасы қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады. www.inform.kz

Похожие материалы