Qazaq Air авиакомпаниясы аймақтық әуе жолын көбейтуді қолға алды. 2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап авиакомпания Қостанай облысы мен Қазақстанның оңтүстік астанасын жалғайтын жаңа бағыт ашатын болды. Бұл туралы Qazaq Air баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы – Қостанай бағытының ұшу уақыты 2 сағат 35 минутты құрайды. Сапарды 78 орындықтан тұратын жаңа Bombardier Q400 ұшағы бастайды.
Экономикалық класс қызметін қосқанда ұшу құны 15 496 теңге. Бұл тек бір бағытқа арналған баға.
Алдағы уақытта компания төмендегідей бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:
- Шымкент – Ақтөбе;
- Ақтөбе – Атырау;
- Қостанай – Ақтөбе.
Жалпы, «Qazaq Air» АҚ - Қазақстандағы аймақтық бағытты қамтамасыз етуші жаңа авиакомпания. Компанияның толық акциялары «Самрұқ-Қазына» АҚ-на тиесілі.