
Алматы. 7 қазан. 7kun.kz – Антикор мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобының қызметкерлері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы бойынша департаменті бастығының экс-орынбасары Талғат Мұхановты тұтқындады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұхановқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
«2022 жылдың 5 қазанында Талғат Мұханов соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды», – деп хабарлады Антикор.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.