Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы ресейлік туристер көп баратын қалалардың үштігіне кірді

Алматы ресейлік туристер көп баратын қалалардың үштігіне кірді

Ресейлік Oktogo.ru  онлайн-брондау қызметі ресейлік туристердің мамыр айындағы демалыстарда баратын қалаларын анықтады. Алматы қаласы ТМД елдері арасында жиі баратын қалалардың үштігінде.

Рейтингті Ереван және Минск қалалары бастап отыр.Ең көп баратын қалалардың ондығында Баку, Ташкент, Киев, Брест, Одесса, Витебск және Кишинев бар. Oktogo.ru-дың мәліметіне сүйенсек, мамыр айындағы демалыстарда ресейлік туристер Алматыға орта есеппен 5 күнге келмек. Қонақүйде тұруға тәулігіне шамамен, 56 доллар кетеді. Минскіге баратын туристер қонақүйге 67 доллар, Ереванға баратындар 85 доллар төлеген. Рейтинг 2015 жылдың 1 мамыры мен 11 мамыр аралығында қонақүйлерді брондау негізінде жасалған. Ресейде осы жылы мерекелік және демалыс күндер 1-4 мамыр мен 9-11 мамыр аралығында өтеді. Ал, Ресей қалалары арасында демалыста көп баратын қалалар қатарында Санкт-Петербург, Сочи, Қазан, Мәскеу, Төменгі Новгород, Ярославль, Калининград, Екатеринбург, Ұлы Новгород пен Кострома бар. Oktogo.ru мәліметтері бойынша, шетелдік қалалардың ондығы: Рига, Вильнюс, Таллин, Хельсинки, Прага, Берлин, Варшава, Стамбұл, Рим және Париж. Дербес туристердің мамыр демалыстарында көп баратын жағажай бағыттары: Кипр, Дубай, Тенерифе, Майами және Шарм-эль-Шейх. Ресейліктердің мамыр айының басында кеткен шығындары бойынша, Варшава ең арзан, Рим болса, ең қымбат қала екендігі анықталды. Варшавада қонақүйде тұру үшін тәулігіне 41 доллар, Римде - 194 доллар кетеді екен.

Похожие материалы