Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы шетіндегі 40 гектар жер алма бағын өсіру үшін инвесторларға беріледі

Алматы шетіндегі 40 гектар жер алма бағын өсіру үшін инвесторларға беріледі

Алматы әкімдігі алматылық апорт өнімін қайта қалпына келтіру бағдарламасы аясында Бутаков шатқалы мен Бостандық ауданындағы бос жерлерді қазақстандық инвесторларға береді. Бұл туралы Алматы қаласы ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары Мақсат Рахметов қаланың қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді.

«Осы жылы Алматы әкімдігінің жетекшілігімен қаланың шет аймақтарындағы бос жерлерді отандық инвесторларға беру туралы шешім қабылданды. Инвестор бар, ол "Apple World" ЖШС фирмасы. Қазір инженерлер келіп, ғалымдар Бутаков шатқалындағы жер телімдерін қарады. Онда 39 гектарға жуық жер бар. 20 гектар жер мақұлданды. Мерекеден кейін агрономдар жұмысты бастайды. Ал Бостандық ауданында 18 гектарға жуық бұрынғы алма бағының орны бар. Ол жер де зерттеліп жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ, Мақсат Рахметов апорт алмасын қайта қалпына келтіру бағдарламасының негізгі операторы Алматы облысы екенін және бағдарламаны жүзеге асыруға облыс бюджетінен қаражат бөлінетінін атап өтті.

Похожие материалы